Мазмұнға өту

Барбадос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 13°10′00″ с. е. 59°33′00″ б. б. / 13.16667° с. е. 59.55000° б. б. / 13.16667; -59.55000 (G) (O) (Я)
Барбадос
Barbados
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Pride and Industry»
Әнұран: «In Plenty and In Time of Need»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 30 қараша 1966 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын тілі
Елорда Бриджтаун
Ірі қаласы Бриджтаун
Үкімет түрі парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Сандра Мэйсон
Миа Моттли
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 183-ші орын
439 км²
Жұрты
• Сарап (2010)
Тығыздығы

277 821[1] адам (181-ші)
660 адам/км² (15-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

5,398 млрд. $
18,798[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

5,207 млрд. $ (18,133[2])
 $
АДИ (2017) 0,800[3] (жоғары) (58-ші)
Валютасы Барбадос доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bb
ISO коды BB
ХОК коды BAR
Телефон коды +1-246
Уақыт белдеулері -4

Барба́дос (ағылш. Barbados) — Кариб бассейніндегі Барбадос аралында орналасқан мемлекет, орналасқан аралы Кіші Антил Аралдары тобына кіреді, Кариб теңізінің шығысында орналасқан. Салыстырмалы түрде алғанда Оңтүстік Америка құрлығына жақын, 434,5 км Венесуэланың солтүстік-шығысында орналасқан.

Қысқаша мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер ауданы – 430 шаршы шақырым. Астанасы – Бриджтаун. Әкімшілік бөлінісі бойынша 11 ауданға бөлінеді. Халқы 300 мың. Оның 80 пайызы – зәңгілер, 20 пайызы – ақ пен аралас нәсілділер. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Діні - христиан. Ұлттық мейрамы – 30 қарашадағы Тәуелсіздік күні.

Конституциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барбадос - Британия Достастығының мүшесі болғанымен, ол 2022-жылынан бері монархия емес. Мемлекет басшысы – Президент, Басқарушысы – Премьер-Министр.

Заң шығаратын билігі 5 жыл мерзімге сайланатын парламентке жүктелген.

Барбадос орналасқан аралды ерте кезде үндістердің аравак пен кариб тайпалары мекендеген. 1518 жылы аралды испандар ашып, ағаштарды қалың өскендіктен "Барбадос" (исп. "сақалды") деп атаған. Испандықтар үндістерді Гаитиге құлдыққа сатумен айналысты.

1605 жылы Барбадосқа ағылшындар келді де, біршама уақыттан соң аралды өз отарына айналдырды. Ағылшындар мұнда темекі плантацияларын ұйымдастырып, құл еңбегін кеңінен пайдаланды.

Барбадос аралының үстінен көрінісі, 2011

Барбадос 300 жылдан астам ағылшын отары болғанымен, қазіргі кезде Кариб аралындағы мемлекеттермен салыстырғанда халқының әл-ауқаты өте жоғары. Жан басына шаққандағы жылдық табысы 11,5 мың доллар көлемінде. Алтын валюта қоры – 34,6 млн. доллар.

Барбадос экономикасының негізгі салалары: туризм және қант қамысын өндіру. Бұған қосымша жүгері, тропиктік жеміс–жидектер, көкөніс, мақта өсіріледі. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы да дамыған. Экспортқа қант, ром мен т.б. тауарлар шығарылады. Мұнай, табиғи газ, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындары көп.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  翻译: