Мазмұнға өту

Бор кезеңі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бор кезеңі
145.5—65.5 млн ж. бұрын
[[Image:|240px]]
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі шам. 30 % көлемі[1]
(заманауи деңгейден 150 %)
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі шам. 1700 ppm[2]
(индустрияландыру алдындағы деңгейден 6 рет көп)
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы шам. 18°C [3]
(заманауи деңгейден 4°C жоғары)
Бор кезеңі оқиғалары
Бор кезеңі басты оқиғаларының шамаланған шәкілі.
Тік өзек шәкілі: бірнеше миллион жыл бұрын.

Бор кезеңімезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі.

145,5 млн. жыл бұрын басталып 65,5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш. White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозавр, мозазавр, ихтиозавр және плезиозаврлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.

Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн. жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300—500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.

Кейбір геологтар тұжырымы бойынша қазіргі Мексикан теңізі жеріне 65,5 ± 0.3 млн жыл бұрын үлкен астероид құлап теңіз айшанағын жаратқан да жанаратауларды оятқан. Осының әсерінен мезозой жәндіктері қырылып кайнозойға жол ашқан. Бұл уақытты және қатысты геологиялық саты арасын бор-үштік шегі (ағылш. K-T boundary, сонда K — бор кезеңінің қысқартпасы, T — үштік кезеңі, boundary — шек) деп атайды.

Бор кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 60 — 70 млн жылға созылған; екі бөлімнен (төмен және жоғары), 13 ғасырдан тұрады. Бор кезеңінде Анд, Верхоян-Чукот, Кордильера таулары көтерілген. Верхоян-Чукот пен Шығыс Азияның түйіскен жеріндегі терең жарылыстар арқылы әрекет еткен жанартау процесінің нәтижесінде Охота-Чукот жанартаулық белдеуі пайда боды. Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда геосинклинальдік жағдай аяқталып, қазіргі заманға дейін сақталған мезозойлық қатпарлы таулы жер бедері қалыптасты. Бор кезеңінде Гондвана мен Лавразия континенттерінің жекелеген материктерге бөлінуі басталды.[4]

Мұхит айдындары пайда болды. Юраның соңы мен бордың басында басталған регрессия Лавразия көлемінде континенттік жағдай туғызды. Ал одан соңғы трансгрессиялар өте көлемді болып, аса зор аумақтарды қамтыды. Мысалы, Қазақстанда трансгрессия солтүстік аймақтарды түгел қамтып, орталығына дейін жетті. Бор кезеңінде “Орталық Қазақстан қалқаны” деп аталатын аймақта континенттік жағдай туды. Бордың басында оның палеозойлық іргетасы үстінде жекеленген ірі жайпақ көтермелер — антеклизалар (Орал, Орталық Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Тянь-Шань) және оларды бөліп тұрған жайпақ ойпаттар — синеклизалар қалыптасты. Қызылқұм, Торғай, Сарысу және Ертіс маңы ойыстарының төм. бөлігі континенттік, жоғары қарай теңіздік шөгінділермен толды. Каспий ойпатында бор жыныстарының толық қимасы сақталған. Мұнда теңіздік шөгінділеркарбонаттық қабаттар, құмтас, саз, әктас, мергель, фосфорит, олардың арасында мұнай, газ, бор, боксит қабаттары кездеседі. Континенттердің аридтік (құрғақ) аймақтарында қызыл түсті шөгінділер (көбінесе, гипсті және тұзды қабаттар), ал гумидтік (ылғалды) аймақтарында тұщы сулы шөгінділер қалыптасқан. Көтерілген аймақтарда үгілу қабаттары пайда болып, темір, никель кен орындары түзіле бастаған. Бор кезеңінің органик. әлеміне аммониттер, белемниттер, теңіз кірпілері, алтын сәулелі коралдар, фораминиферлер жатады. Бұл кезеңде сүтқоректілер, әсіресе, ірі денелі жануарлар тез дами бастады. Теңіздерде алып кесірткелер — мезозаврлар, плезиозаврлар, ихтиозаврлар, құрлықта — динозаврлар, ұзындығы 14 м-ге жететін жылан тәрізділер, әуе кеңістігінде қанаттарының өрісі 8 м-лік өткір тісті жыртқыш құстар өмір сүрді. Бор кезеңінің екінші жартысында жер бетінің физ.-геогр. жағдайының күрт өзгеруіне байланысты ірі жануарлардың жаппай қырылуы басталды. Оның себебі әлі толық ашылған жоқ. Өсімдік әлемінде жабық тұқымдылар (қайың, үйеңкі, терек т.б.) үстемдік ете бастады, гүлді өсімдіктер пайда болды. Бор кезеңінде жауын-шашынның органикалық әлем топтарының геогр. таралуына әсер еткен климаттық белдеулілік жақсы байқалды. Жерортатеңіздік, Бореальдық, Оңтүстік және Тынық мұхиттық палеогеографиялық аймақтар анық бөлінді. Бор кезеңінің шөгінділерімен әктастың, бордың, мұнай-газдың, тас көмірдің, фосфорит, бокситтің ірі кен орындары тығыз байланысты. [5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Image:Sauerstoffgehalt-1000mj.svg
  2. Image:Phanerozoic Carbon Dioxide.png
  3. Image:All palaeotemps.png
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  5. Қазақ Энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Cretaceous
Бор кезеңі
Астыңғы/Ерте бор Үстіңгі/Соңғы бор
Берриас | Валангини | Отерив
Баррем | Апция | Албия
Сеноман | Турон | Коньяк
Сантон | Кампанья | Маастрихт
Мезозой заманы
Триас Юра Бор


  翻译: