Браззавиль
Қала | |
Браззавиль | |
фр. Brazzaville | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Астана |
Департаменті | |
Мэр |
Кристиан Роже Окемба |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
4°16′00″ о. е. 15°17′00″ ш. б. / 4.26667° о. е. 15.28333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 4°16′00″ о. е. 15°17′00″ ш. б. / 4.26667° о. е. 15.28333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1880 |
Қала статусы |
1880 |
Жер аумағы |
100 км² |
Климаты |
экваториалды |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
1 557 533 адам (2012) |
Тығыздығы |
14 081,50 адам/км² |
Этнохороним |
браззавильдік, браззавильдіктер |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+242-1 |
Браззавиль шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Браззавиль |
Браззавиль (фр. Brazzaville; сөзбе-сөз "Браззаның қаласы") — Конго Республикасының астанасы және оның мәдениет пен қаржы орталығы. Конго Республикасының ең үлкен қаласы Конго өзенінің оң жағалауында орналасқан. Оған қарама-қарсы орналасқан Киншасамен бірге үлкен агломерацияны құрайды. Осы агломерацияда 12 миллионға жуық адам тұрады.
Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браззавильдің атауы екі сөзден тұрады: Бразза - Пьер Саворньян де Бразза, қаланың негізін қалаушысы; вилль - француз тілінен аударғанда қала деген мағынаны білдіреді
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браззавильді негізін қалаған француз экспедициясының қолбасшысы Пьер Саворньян де Бразза болатын. Ол 10 қыркүйек 1880 жылы Браззавильді француз күзет бекеті ретінде құрған.
XIX ғасырдың сонында Конго өзенінде сауда орын ретінде қолданылған. Ал XX ғасырдың басында (яғни, 1903 жылдан, 1910 жылға дейін) Француз Конгоның әкімшілік орталығы болып саналған. 1910 жылы Француз Экваториалды Африканың және Орта Конгоның астанасы, ал 1958 жылы автономиялық Конго Республикасының орталығы болып жарияланған.
Ұлы Отан соғысы кезінде қала тұрғындары Шарль де Голль бастаған «Бос Франция» қозғалысына белсене қатысқан.
1960 жылы Конго Республикасы Франциядан тәуелсіздігін алғанда, Браззавиль елдің астанасы болып сайланды. 1991 жылы Браззавильде мемлекеттік ту мен әнұранды бекітіп, жаңа конституция қабылданған.
География
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браззавиль Конго өзенің оң жағалауында орналасқан, ал оған қарама-қарсы орналасқан Киншаса, Конго Демократиялық Республикасының астанасы болып саналады. Бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі астаналар бұл әлемде тек Браззавиль мен Киншаса ғана.
Қаладан солтүстік-шығысқа қарай Баму аралы орналасқан
Климат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браззавиль климаты субэкваториалды, ылғалды және құрғақ мезгілдерімен. Жылдың орташа ауа температурасы – 25,3 °С. Жылдың жауын-шашын мөлшері – 1388 мм. Ылғалды мезгіл қазаннан мамырға дейін, ал құрғақ мезгіл маусымнан қыркүйекке дейін жалғасады. Шілде мен тамыз айларында жауын-шашын жаумайды. Жылдың желдің қаттылығы – 2,3 м/с.
Тұрғындар саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браззавильде 2012 жылдың басында 1 557 533 адам тұрған. Тұрғындардың көбі африканың әртүрлі халық өкілдері (баконго, батеке, мбоши, санга және т.б.) болып саналады. Еуропалықтар мен американдықтар шаһарда өте аз.
Қаланың ресми тілі – француз тілі, бірақ банту және т.б. тілдер қалада кеңінен таралған.
Тұрғындардың көбі мұсылмандар мен христиандықтар, сондай-ақ жергілікті діңдерді ұстанатын адамдар да аз емес.
Конго Республикасының үштен бір бөлігі осы Браззавиль қаласында тұрады және елдің ауыл шаруашылығында жұмыс істемейтің адамдардың 40%-ы осы шаһарда тұрады.
Тұрғындар саны жылдар бойынша өзгеруі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Тұрғындар саны |
---|---|
1955 жыл | 233 000 адам |
1965 жыл | 272 000 адам |
1975 жыл | 318 000 адам |
1984 жыл | 596 200 адам |
1985 жыл | 617 000 адам |
1995 жыл | 1 005 000 адам |
1996 жыл | 856 410 адам |
2001 жыл | 1 018 541 адам |
2003 жыл | 1 174 000 адам |
2005 жыл | 1 115 773 адам |
2006 жыл | 1 217 154 адам |
2007 жыл | 1 373 382 адам |
2009 жыл | 1 370 612 адам |
2010 жыл | 1 408 150 адам |
2012 жыл | 1 557 533 адам |
Бауырлас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала атауы | Мемлекет атауы |
---|---|
Вашингтон | Америка Құрама Штаттары |
Вэйхай | Қытай Халық Республикасы |
Дакар | Сенегал Республикасы |
Дрезден | Германия Федеративтік Республикасы |
Киншаса | Конго Демократиялық Республикасы |
Олате | Америка Құрама Штаттары |
Реймс | Француз Республикасы |
|