Лот
Көрініс
Лот(ағылш. lot — жеребе‚ үлес‚ салмақ) — топтама:
- Жеткізу шарты бойынша тауар топтамасы, сериясы немесе оның бір бөлігі, сондай-ақ сатуға ұсынылатын тауарлардың кез келген тобы. Лотты бір келісімшарт деп атайды. Келісімшарт бойынша жеткізілетін тауардың жалпы көлемі бірнеше лотқа бөлінуі мүмкін. Біртекті құрылыс немесе құрастырым жұмыстарының белгілі бір көлемі де бірнеше лотқа бөлінеді. Лот аукциондық сауда-саттықта кеңінен қолданылады‚ мұнда тауарлар не бір заттан тұратын лоттарға не біртекті бірнеше лоттарға бөлінеді. Әрбір лотқа нөмір беріліп, осы нөмірлер бойынша сатылады;
- Кемеден судың тереңдігін өлшейтін құрал;
- Үш мысқалға немесе 12‚8 г-ға тең салмақ өлшемі.[1]
- Биржалық тәжірибеде, сатуға шығарылған саны мен сапасы бойынша стандартты болып табылатын бір типті тауарлар; тауар биржасындағы мәміле бірлігі.
- Биржаның сауда жүйесінде аталмыш типтегі құнды қағаздармен жасалатын мәміле мәні болып табылуы мүмкін құнды қағаздардыі ең аз мөлшері.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|