Мазмұнға өту

Мерапи (Ява)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мерапи

Мерапи — Индонезиядағы Ява аралында орналасқан ең ірі жанартаулардыӊ бірі[1]. Бұл жанартау әлемдегі ең қауіпті табиғи объекті болып саналады. Аяқ астынан атылып, белсенді түрде лава шашатын ол баурайында тұратын халық арасындағы бірнеше адамдардың өліміне себепші. Мысалы аталған жанартау кесірінен 2006 жылы 5000 адам қаза тапса, 2000 аса жан үй-күйсіз қалды. Ал 2010 жылы жанартау қайта оянып, алайда жергілікті билік тұрғындардың көпшілігін қауіпсіз жерге көшіріп үлгергендігі себепті үлкен көлемдегі адам шығынына алып келген жоқ.

Мұнда жанартаудың ұсақ-түйек атқылаулары жыл сайын екі рет болып тұрса, ал үлкен көлемдегісі әр жеті-сегіз жылда орын алады. Туристерді жанартаудан бөлек оның баурайындағы керемет стильде салынған тарихи ғибадатханалар мен әр түрлі ежелгі құрылыс нысандары қызықтырады. Мысалы, таудың оңтүстік бөктерінде ЮНЕСКО ұйымының қорғауына жататын Прамбанан атты ортағасырлық индуис және буддалық ғибадатханалар кешені мен Рату Боко патшалығының сарайы орналасқан.

Жанартау Джокьякарта қаласына өте жақын орналасқан. Мирапи тауы теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте тұр. Жанартау маңында елді мекендер бар. Мерапи Яваның оңтүстігінде орналасқан жанартаулардың арасындағы ең жасы болып табылады. Ол Үнді-австралиялық платформасының Еуразия плитасының астымөн өтетін аймақта орналасқан.

Бурындары Мерапи тауының айналасында халық тығыз орналасқан болатын. Жанартаудың атқылауынан көп адам көз жумып, көптеген мәдениет ошақтары туп-тамырымен жойылған. Ява аралындағы жанартау - Индонезиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі.

Мерапи тауы суыған лавадаң жанартау кулінен турады. Тауда атқылаулар кезінде лақтырылған тастар көп кездеседі. Мерапи 10000 жыл бойы белсенді болып келеді

Мерапи — белсенді жанартау. Оның 4 жылдық атқылау кезеңі бар. Бұл оның әр төрт жыл сайын атқылап отыратынды- ғын білдіреді. Мерапи жанартауы әлемдегі ең белсенді және қауіпті жанартаулардың бірі болып табылады. Оның үнемі пирокластикалық ағындар шығарып отыратын белсенді лава күмбезі бар. Жанартау халық ең тығыз орналасқан аймақта тұр.

Ғалымдардың пайымдауынша, жанартау жақын арада тағы да атқылауы мүмкін. Оның атауы «Отты тау» деген мағынаны білдіреді. Мерапи жанартауы 1548 жылдан бастап 68 рет атқылаған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. GLOBAL VOLCANISM PROGRAM Мұрағатталған 11 наурыздың 2007 жылы.
  2. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  翻译: