Негев
Негев
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негев (Negev; Ha Negev), Израильдің оңтүстігіндегі шөл дала. Ол Синайлық үкімет пен Иордандық рифті ойыс аралығымен шектелген. Ауданы 12 200 км² қамтиды. Библиялық кезеңде малшылықпен айналысса, ал Рим империясы кезінде бұл өңір астық сарайы болды. 7 ғасырда Палестинаны арабтар жаулап алғаннан кейін, бұл өңір қараусыз қалды. Сонымен, 1200 жылдай бұл өңірді БЕДУИНДАР мекендегенімен, оның тұрғындары сирек кездесті. 1943 жылы осы жерді қайта қалпына келтіру үшін алғашында үш ауылды (КИБУЦ) жөндеуден бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (жылдар) және осы өңірдегі жерді суару бағдарламасы басталғаннан кейін жаңа тұрғындар пайда болды. Бұл өңір Палестина бөлінген уақытта 1948 жылы Израильға беріледі. 1948-46 жылдары Негев шөл даласы египет пен израиль әскерлерінің қырғын қақтығысқан майданына айналды. Қазіргі уақытта бұл өңірде Изриль құрған бірнеше елді мекен және Эйлат кемежай қаласы бар. Оның Израиль жақтан шығатын жолы Қызыл теңізге қарайды. Негізгі әкімшілік орталығы Беэр Шева болып табылады. Өңірде астық, жеміс-жидек өндіріледі және поташ, бром мен мырыш сияқты минералды ресурстар бар.
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |