Рёло үшбұрышы
Рёло үшбұрышы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рёло үшбұрышы - бірдей үш шеңбердің қиылысу аумағымен шектелген жазықтық фигура. Рёло үшбұрышын Франц Рело ойлап тапқан жоқ,бірақ осы үшбұрышты көп зертегендіктен, оның құрметтіне осы үшбұрышты оның атымен аталды. Франц Рело- атақты неміс ғалымы, инженер. Ол 1829 және 1905 жылдар аралығында өмір сүрді. Рёло үшбұрышы шеңбердің маңызды қасиеттерімен ерекшеленеді.
Салу жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Осы үшбұрышты салу оңай.Оның 2 салу жолдары бар. 1)Қағаздың бетіне 3 бірдей қиылысатын шеңберлерін салып, олардың ортақ қиылысу жері – рёло үшбұрышы болып табылады. 2)Біріншіден, қағазға тең қабырғалы үшбұрышты саламыз. Содан кейін осы үшбұрыштың төбелерімен өтетін доғалар саламыз.
-
рёло үшбұрышының салынуы
-
рёло үшбұрышының салынуы
Рёло үшбұрыштың қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
рёло үшбұрышының шаршы ішінде айналуы
Рёло үшбұрышы шеңбер сияқты қалай айналдырса да, оның ені бірдей болады. Осыны біз 1 суретте көре аламыз, және біз осы үшбұрыштың шаршының барлық 4 қабырғаларына жанасуын көре аламыз. Рёло үшбұрыштың тағы бір ерекшелігі – ені үнемі тең фигуралардың арасында ауданы ең кіші болады, сондықтан оны қолдануға тиімді.
Рёло үшбұрыштың қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рёло үшбұрышы автомобильдің іштен тұтанатын қозғалтқыштарда да қолданылады.
-
Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышы
Осы іштен тұтанатын қозғалтқышты 1957 жылы неміс инженері Ф.Ванкель ойлап тапты.Рёло үшбұрышы әрдайым іштен тұтанатын қозғалтқыштың қабырғалармен жанасады, сондықтан іштен тұтанатын қозғалтқышта 3 тұйық кеңістік пайда болады. Осы кеңістіктерде отын тұтынады.60-шы жылдардың ортасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты алғаш рет NSU Prince Spyder-машинасында қолданылған.1974 жылы ВАЗ машиналарда Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқышты қолданылады. Қазіргі кезде Mazda RX-8 Hydrogen RE машинасында Ванкель іштен тұтанатын қозғалтқыш қолданылады. Осы қозғалтқышы бар машиналар сутекпен де, бензинмен де жүруі мүмкін.
Грейфер механизмі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рёло үшбұрышы грейфер механизмде қолданылады. Грейфер механизмі кинопроекторларда қолданылады. Ол пленканың кадрлерін ауыстырады
-
Грейфер механизмі
Рёло үшбұрышының архитектурада қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рёло үшбұрышы готикалық стильде жасалған соборларда қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу][1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9]
- ↑ Бронштейн, И.Н., Семендяев, К.А., Справочник по математике для инженеров и учащихся вузов. – М.:Просвещение,1962.
- ↑ Дорофеев, Г.В., Шарыгин, И.Ф., Суворова, С.Б. Математика. – М.:Просвещение,1987.
- ↑ Коксетер, С.М., Грейтцер, С.Л., Новые встречи с геометрией. – М., Наука, 1978.-223с.
- ↑ Конфорович, А.Г., Некоторые математические задачи. – Киев, Родная школа, 1981.-189с.
- ↑ Кушнир, И.А., Треугольник в задачах. – Киев, Лебедь, 1994.-104с.
- ↑ Спецвыпуск "За Рулем", 2007, с. 96-101
- ↑ Техника и наука, 1982, №7, с.14-15.
- ↑ Техника и наука, 1983, №10, с.19-21.
- ↑ Учебно-методическая газета "Математика".
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |