Мазмұнға өту

Хоторн эффекті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хоторн жұмыс орнының суреті, c. 1920

Хоторн Эффекті (Hawthorne Effect) АҚШ-тың Батыс электроникасы (Western Electric, WE, WECo) компаниясы жүргізген мотивациялық зерттеулерден шыққан қорытынды. Оның маңыздылығы өмір тәжірибесінде де, ғылым саласында да айқын байқалады. Хоторн Эффектінің мағынасы бойынша, бақыланушы өзінің бақыланып жатқанын білген кезде әрекет ниетін өзгерте бастайды екен. Яғни, мысалы жұмысшылардың жағдайын (жалақысын, тұрмысын, демалысын) жақсартқан күнде де жаңа жағдай шарты астында жұмысшылар бәрібір бұрынғы секілді жұмыс жасай беретіні байқалған. Ал, егер жағдай қалай болса да мейлі, егер жұмысшыларға белсенді назар аударылып, олардың өзін еркін басқаруына мүмкіндік берілсе, олардың әр қимылы көпшіліктің дүбірлі қолдауы ішінде өткізілсе, онда белсенді топ қалыптасуына ілесіп еңбек өнімділігі де күрт жоғарлайтын көрінеді.

1912 жылғы Батыс электроникасы жұмыс орнының қалдығы
  • қызмет жағдайын жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру арасында тіке себеп-салдар байланысы жоқ;
  • еңбек өнімділігін жоғарлатудың ең ұтымды жолы жұмыс жағдайын жақсартумен бірге, бастысы жұмысшылардың көңіл күйін көтеру болмақ;
  • жұмысшының көңіл күйі мен наразылығына мән беру еңбек өнімділігін көтерудің түйіні.

Хоторн Эффектінің пайдалы тұстары:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • жұмысшы мән берген іске мән беруді үйретеді;
  • егер құрылым моделі дұрыс және лайықты болса, бұл эффектті пайдаланып жұмысшыларды көңілдендіру арқылы, топтық бәсекелер, ойындар, арнайы жарыстар арқылы жұмыс өнімділігін ұзақ мерзімге жақсартуға болады;
  • жұмысшылардың еңбек жағдайына жеткілікті бағалау жүргізу басқарушының ұзақ мерзімді жоспар құруына көмектеседі.

Хоторн Эффекті назар аудармайтын тұстар:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • жұмыс ортасының кейбір ішкі жағдайы бәрібір айқындалмайды, мысалы ұйымдастыру ниеті;
  • өндіріс моделінің таңдалуы басқарушының субъектив пікірін негіз етеді;
  • шешушісі, жұмыс ортасы динамикалы болады, модел үздіксіз өңделіп, нақты жағдайға бейімделуі керек;
  • өндіріс моделінің дұрыстығы мен басқарушының шешім ету көрегендігі сабақтасып жатады.
  翻译: