Қырғызстан елтаңбасы
Қырғызстан елтаңбасы қыр. Кыргызстандын Мамлекеттик герби | |
Негізгі ақпараттар | |
---|---|
Иелік етуші | |
Бекітілді |
14 желтоқсан, 1994 |
Бөлшектер | |
Қалқанұстаушылар |
Қанаттарын жайған ақ қыран |
Басқа элементтер |
Эмблеманың ортасында Тянь-Шань таулары, астында Ыстықкөл, үстінде көтеріліп жатқан күн бейнеленген. Суреттің екі бүйір жағынан мақта-бидай баулары салынған. Үстінде "КЫРГЫЗ" және астында "РЕСПУБЛИКАСЫ" жазулары бар. |
Авторлық ұжым | |
Асеин Абдраев және Садырбек Дубанаев |
Қырғыз Республикасының мемлекеттік елтаңбасының (қыр. Кыргыз Республикасынын Мамлекеттик герби) қазіргі нұсқасы 2016 жылы қабылданды. Елтаңба — көбісі көк түспен боялған шеңбер пішінді эмблема. Қырғыз мәдениетінде көк түсі батылдық пен жомарттықты білдіреді. Дизайнының авторлары: Асеин Абдраев және Садырбек Дубанаев.[1]
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елтаңбаның ресми сипаттамасы:[1]
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы — көк түсті шеңбердің ортасында орналасқан ақ сұңқардың қанат жайған бейнесі. Артында Алатау таулары және алтын түсті күн мен оның сәулелері салынған, осының барлығын да екі жақтан мақта мен бидай қоршап тұр. Шеңбердің үстіңгі жағында "КЫРГЫЗ" және астыңғы жағында "РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған. |
Елтаңбаның көбісін қанаттарын жайған ақ сұңқар алып жатыр. Қырғызша жыртқыш құсты "Ақ шумқар" деп атайды, және ол тазалық пен сыпайылықтың символы болып келеді. Сұңқардың үстінде Алатау таулары және Ыстықкөл көлі бейнеленген. Таулардың төбесінде орналасқан күннің 40 сәулесі Манастың 40 сарбаздарын білдіреді. Бейненің екі бүйірінен мақта-бидай баулары қоршап тұр. Елтаңба дизайнында көп сөз орналаспаған, тек үстінде "ҚЫРҒЫЗ" (қыр. КЫРГЫЗ) және астында "РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған.
Жалпы елтаңба қара көк түсті гамманы сақтайды. Қырғызстан эмблемасы геральдиканың басты ережелерін сақтайды.[2]
Техникалық егже-тегжейі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үкімет қолданған түстерінің егже-тегжейі:
Түс | Pantone | CMYK | RGB | HEX |
---|---|---|---|---|
Қара көк | PANTONE 2945 C | 100 - 53 - 2 - 16 | 0 - 102 - 161 | #0066a1 |
Сары | PANTONE 123 C | 0 - 29 - 100 - 0 | 253 - 188 - 45 | #fdbc2d |
Күміс | PANTONE Cool Gray 5 C | 0 - 0 - 0 - 28 | 195 - 195 - 195 | #c3c3c3 |
Ашық көк | PANTONE 2995 C | 100 - 0 - 0 - 0 | 0 - 175 - 239 | #00afef |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қырғызстанның КСРО заманындағы елтаңбасы басқа республикалардағыдай еді. Сол кезден бері тәуелсіздік алғанымен, кеңестік символиканың элементтері қазіргісінде де бар.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
-
1994 жылдан 2016 жылға дейін қолданылған бастапқы нұсқасы
-
Қырғыз Республикасының Шекара Қызметінің елтаңбасы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/1490 (орысша) (қырғыз нұсқасы бар) cbd.minjust.gov.kg. 4 шілде 2022.
- ↑ https://grs.gov.kg/ru/eid/state_symbols/ (ағылшынша) 13 ақпан 2018. Мұрағатталған 14 ақпан