Мазмұнға өту

1 мамыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31

Мамырдың 1[1]Григориан күнтізбесінде жылдың 121-ші күні (кібісе жылдарда 122-ші). Жылдың аяғына 244 күн қалады.

  • Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғын­дары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуен­деу мен салтанат мерекесі болып есептелді.
  • 1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбек­шілердің 8 са­ғаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталис­тер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Ма­мыр ең­бекшілердің ын­тымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
  • Ал­ғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Со­дан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлем­нің 66 мемлекеті тойлайды. Еуроодақ пен НАТО-ға]қосылған кешегі социалистік ел­дер үшін 1 Мамырдың маңызы шамалы. Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда ме­реке ұйым­дас­­тырып, орманда серуен құрып, кәуәп да­йындайды. Оңтүстік Африка рес­публика­сында халықтық өнер туынды­лары­ның көрмесін ұйымдастырып, төмен баға­мен жал­пы халыққа арналған тұрмыстық бұ­йымдар сатылады. Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс.
  • Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады.
  • Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі пар­тиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жата­ды. Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді.
  • Британияда 1 Ма­мыр – демалыс күні.
  • 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемле­кет­тік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге сонша­лық ықыласты емес. Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
  • Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр мейрамы КСРО құр­са­ғындағы қырық құрау ұлыстарды бірың­ғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық кү­рестің символы болды. Кеңестік идеология­ның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяков­скийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. ТМД ел­дері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мей­рамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

Қайтыс болғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Жыл айлары мен күндері
Қаңтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Ақпан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 (29)
Наурыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сәуір 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Мамыр 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Маусым 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Шілде 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Тамыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қыркүйек 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Қазан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қараша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Желтоқсан     1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
  翻译: