Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 733 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Грузиядағы наразылық шаралары • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)

- 23 ақпан — Германиядағы парламент сайлауы нәтижесінде Фридрих Мерц (суретте) бастаған ХДО/ХӘО партиясы Бундестагтағы көпшілік орынға ие болды.
- 18 ақпан — АҚШ пен Ресей делегациялары Эр-Риядта кездесу өткізді.
- 14 ақпан — Германияның Мюнхен қаласындағы Bayerischer Hof қонақ үйінде 61-Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталды.
- 29 қаңтар — АҚШ-та Вашингтондағы ұшақ апатынан борттағы 67 адам түгелдей қаза тапты.
- 21 қаңтар — Түркиядағы курортта қонақ үйдегі өрттен 79 адам қайтыс болып, 51 адам жараланды.
- 15 қаңтар — Америкалық кинорежиссёр Дэвид Линч 78 жасында дүниеден өтті.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
27 ақпан
Мерекелер
Доминикан Республикасы, — Тәуелсіздік жариялау күні.
Грекия, — Селена (Ай) күні.
- Батыс Сахара — Тәуелсіздік күні.
Оқиғалар
- 1857 — қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ресей географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды. Мұнан кейін, 1858 жылы Шоқанға Қашқария сапарына шығу мүмкіндігі туды.
- 1917 — Ресейде буржуазиялық төңкеріс болған.
- 1900 — Германияда Бавария Мюнхен футбол клубы құрылды.
- 1932 — Джеймс Чедвик нейтронды ашты.
Туғандар
- 1932 — Элизабет Тейлор, америкалық актриса.
Қайтыс болғандар
- 2003 — Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Жақан Сүлейменұлы Ержанов
Ақпан айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!