Mac mini негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac mini мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
Mac mini компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Шығармашылыққа ерік беріңіз
Mac mini компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу