Мазмұнға өту

Альпі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Альпі
фр. Alpes, нем. Alpen, итал. Alpi, словен. Alpe

Альпі (ғарыштан түсірілген сурет)
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Олигоцен

Аумағы

190 000 км²

Ұзындығы

1 200 км

Ені

260 км

Ең биік шыңы

Монблан

Биіктігі

4810[1][2] м

Орналасуы

46°30′20″ с. е. 09°19′49″ ш. б. / 46.50556° с. е. 9.33028° ш. б. / 46.50556; 9.33028 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°30′20″ с. е. 09°19′49″ ш. б. / 46.50556° с. е. 9.33028° ш. б. / 46.50556; 9.33028 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Франция
 Италия
 Швейцария
 Германия
 Аустрия
 Лихтенштейн
 Словения
 Монако

Альпі (Еуропа)
Альпі
Ортаққордағы санаты

Альпі, Альпі тау жүйесі (фр. Alpes, нем. Alpen, итал. Alpi, словен. Alpe) — Батыс Еуропадағы ең биік таулар. Ол – Жерорта теңізінің солтүстігінде Легури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатыр; доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең биік нүктесі – Монблан шыңы (4810 м). Альпі (кельтше – alp биік тау, ежелгі түркі тілінде – алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі жоталар мен тау сілемдерінен тұрады.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілемдер аралығын Рона, Рейн, Бодо – Комо тау аңғарлары бөліп жатыр. Тас және темір жолдар өтетін Сен-Готард, Симплон, Миоан-Ромодоссола, Бриг – Лозанна, Үлкен Сен-Бернар (2400 м) туннельдері аймақтағы бірнеше мемлекетті байланыстырады. Тау жүйесі орографиялық жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бөлінеді. Олардың арасындағы шартты шекара солтүстігінде Боден көлінен, оңтүстігінде Комо көліне дейінгі тектоникалық аңғармен өтеді. Батыс Альпінің сырт жақ беткейі кең әрі біршама жайдақ, ал ішкі жақ беткейі жарқабақты болып келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңдары (Монблан, Монте-Роза, Пельву) осы бөлігінде орналасқан. Тау жүйесінің орталық торабына альпілік жер бедері тән. Ландшафтысында биіктік белдеулер айқын байқалады. Тау етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м) климаты қоңыржай және ылғалды. Бұл белдеулер жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген.

Бавария
Pine trees above the Aletsch Glacier, Valais

Геологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тау жүйесі альпілік қатпарлану кезінде түзілген. Қатпарлану жүйесінің негізі кембрийге дейінгі кристалды жыныстардан (гнейс, слюдалы тақтатас) және жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан тұрады. Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық эрозиясы үлкен рөл атқарған. Кен байлықтары: темір, мыс кентастары, қоңыр көмір, тұзындығы Солтүстік Батыс бөлігіндегі жоталарда жылына 1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы көбіне бұлтты, тұманды болып тұрады. Ішкі жоталарда, қазаншұңқырлар мен аңғарларда жауын-шашын 1000 мм-ден аз. Альпі – Батыс Еуропаның аса үлкен су торабы. Өзендер өте көп. Олар қар, мұз, жаңбыр суымен толығады. Аса ірі өзендері: Рона, Рейн, По. Көлдері: Боден, Цюрих, Комо, т.б. Топырақ жамылғысында негізінен орманның қоңыр түсті топырағы, күлгін және таудың сұр топырағы басым.

Альпі фаунасы мен флорасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түлкі, қасқыр, бұғы, тиын, жабайы мысық кездеседі. Жаз айларының орташа температурасы 10 – 15ӘС, қыста -4 – 8ӘС. Субальпілік белдеудің (2300 метрге дейін) климаты суық, желі қатты болады, қары қалың түседі. Тау беткейлері тік жарлы. Белдеуде биік таудың бұталы және шалғынды өсімдіктері өседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады, жазы қоңыр салқын әрі қысқа. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеудің (2500 – 3000 м) климаты қатал, біршама құрғақ. Онда қоңыраубас, қоғажай, көкнәр, т.б. өсімдіктер өседі. Одан әрі нивальдық белдеу орналасқан. Бұл белдеу тасты, мұзды болып келеді. Альпіде антропоген дәуірінде 4 рет мұз басу болды. Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км², 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы мұздықтар бар.

Альпінің фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  翻译: