Сыртқы дисплейді iMac компьютеріңізге қосу
iMac компьютеріңізде видео шығысын қолдайтын екі немесе төрт USB-C порты бар. Екі портты үлгімен бір сыртқы 6K мониторын, проекторды немесе HDTV осы порттардың біреуіне қоса аласыз. Төрт портты iMac екі сыртқы 6K мониторға дейін қолдайды. Порттар туралы қосымша ақпаратты iMac компьютерін шолып шығыңыз бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: Бірнеше құрылғыны бір портқа қоссаңыз және құрылғылардың біреуі сыртқы монитор болса, монитор қосылымдағы соңғы құрылғы болуы тиіс. Бұл бірнеше портты адаптерді немесе шоғырлағышты пайдаланғанда қолданылмайды.
Кеңес: Apple TV теледидарына қосылған HDTV теледидарыңыз болса, iMac экранын 1080p HD мәніне дейінгі ажыратымдылықта көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Контентті үлкен экранда AirPlay арқылы ағынмен жіберу бөлімінен қараңыз.
Мониторыңыздың қосқышы пайдаланғыңыз келетін портқа сәйкес келмесе, оны адаптермен (бөлек сатылады) пайдалануыңызға болады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com сайтына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін монитордың құжаттамасын қарап шығыңыз немесе монитор өндірушісінен сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Осы құрылғыны қосу үшін | Мына кабельді немесе адаптерді пайдаланыңыз |
---|---|
Apple Pro Display XDR | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері |
HDMI дисплейі немесе HDTV | USB-C to HDMI адаптері немесе USB-C Digital AV Multiport адаптері |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C to DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C to DVI адаптері |
Дисплейлерді реттеңіз. Сыртқы мониторды немесе проекторды қосқаннан кейін, мониторлардың реттелу жолын орнату, экранды көрсетуді қосу немесе өшіру және түске, ажыратымдылыққа және т.б. басқа реттеулер жасау үшін System Settings терезесіндегі Displays settings параметрін пайдаланыңыз. Мониторды Mac компьютеріңізге қосу бөлімін қараңыз.
Ақаулықтарды жою. iMac компьютеріңіздің қанша сыртқы мониторды қолдайтынын білмесеңіз, «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз. System Settings терезесін ашыңыз, Help > iMac Specifications тармағын таңдаңыз, одан кейін Video Support параметрін табыңыз (төменге айналдыруыңыз керек болуы мүмкін). Сыртқы монитордағы ақаулықты жою үшін Сыртқы монитор қараңғы немесе ажыратымдылығы төмен болса бөлімін қараңыз.