Дисплейді Mac Pro компьютеріне қосу
Thunderbolt 3 (USB-C) порттары Apple MPX Module сызбалық картасы орнатылған кезде бейне шығысын қолдайды. Үшінші тараптың GPU құрылғысы Thunderbolt 3 (USB-C) порттарында
бейнені қоспайды. Mac Pro компьютеріңіздегі HDMI 2.0 порты да бейнені қолдайды. Mac Pro компьютеріңізбен сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын пайдалана аласыз.
Ескертпе: Mac Pro компьютеріңізде кемінде бір HDMI 2.0 порты және төрт Thunderbolt 3 (USB-C) порты бар. Mac Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) порттары екі басқару құралымен басқарылады—біреуі Mac Pro компьютерінің жоғарғы жағындағы екі портты және біреуі артындағы I/O картасындағы екі портты басқарады. Apple MPX Module сызбалық карталары орнатылған жағдайда қосымша басқару құралдары мен HDMI порттары болады. Mac Pro компьютерінде MPX модульдерін орнату бөлімін қараңыз.
Бұл құрылғыны Mac Pro компьютеріне қосу үшін | Кабельді немесе адаптер мен кабельді пайдаланыңыз |
---|---|
Apple Pro Display XDR | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
HDMI дисплейі немесе HDTV | Дисплейіңізбен немесе HDTV теледидарыңызбен келетін HDMI кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) - Thunderbolt 2 адаптері және Thunderbolt 2 дисплейіңізбен келетін кабель |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C - DisplayPort кабелі немесе DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері және дисплейіңізбен келетін кабель |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C - DVI адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
Адаптерлер мен басқа қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі немесе iPad Pro құрылғыңыздағы Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімін қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Жұмыс үстелін кеңейту, бейнені көрсету және басқа дисплей теңшелімдері туралы мәліметтерді Mac компьютеріңізбен сыртқы мониторларды пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз. Сыртқы мониторлармен ақауды жою үшін Mac компьютеріңізге қосылған сыртқы мониторлардағы бейне ақаулары бойынша көмек алу бөлімін қараңыз.