Mac компьютеріңіздегі AirDrop функциясы
AirDrop жақын жердегі Mac компьютерлерімен, iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларымен файлдарды бөлісуді жеңілдетеді. Құрылғылардың бірдей Apple ID идентификаторын ортақ пайдалануы керек емес.
Ескертпе: iOS немесе iPadOS үшін AirDrop мүмкіндігі Lightning немесе USB-C қосқышы және iOS 7 (немесе одан кейінгі) немесе iPadOS жүйесі бар құрылғыларды талап етеді. Барлық ескі Mac компьютерлері AirDrop мүмкіндігін қолдай бермейді (қолдау көрсететін Mac компьютерлерінің тізімін Mac компьютеріңізде AirDrop функциясын пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз).
Finder құралынан файл жіберіңіз. Dock тақтасында Finder белгішесін басыңыз, одан кейін сол жақтағы бүйір жолағында AirDrop түймесін басыңыз. Файл жібергіңіз келетін адам терезеде пайда болғанда файлды оған сүйреңіз.
Файлды қолданбадан жіберіңіз. Pages немесе Preview сияқты қолданбаны пайдаланып отырғанда Share түймесін басыңыз және AirDrop тармағын таңдаңыз.
iCloud Keychain қолданбасында сақталған құпия сөздерді бөлісіңіз. Safari шолғышында AirDrop мүмкіндігін тіркелгі құпия сөзін контактілеріңіздің біреуімен немесе басқа Mac компьютеріменғ iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысымен бөлісу үшін пайдалануыңызға болады. Safari мәзірінен Preferences > Passwords тармағын ашыңыз, құпия сөзін бөліскіңіз келетін веб-торапты таңдаңыз, одан кейін қосымша басыңыз (яғни, тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз). «Share with AirDrop» параметрін таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді бөлісу үшін AirDrop терезесінде адамды немесе құрылғыны таңдаңыз.
Сізге AirDrop мүмкіндігін пайдаланып элементтер жібере алатын адамдарды басқарыңыз. Dock тақтасында Finder белгішесін басыңыз, бүйір жолағында AirDrop түймесін басыңыз, одан кейін «Allow me to be discovered by» түймесін басып, параметрді таңдаңыз.
Файлды біреуге жібергенде, алушы файлды қабылдау керектігін таңдай алады. Біреу сізге файл жібергенде, оны MacBook Pro компьютеріндегі Downloads қалтасынан таба аласыз.
Кеңес: AirDrop терезесінде алушыны көрмесеңіз, екі құрылғыда да AirDrop және Bluetooth функцияларының қосылғанын және бір-бірінен 30 фут (9 метр) қашықтықта екенін тексеріңіз. Алушы ескі Mac компьютерін пайдаланып отырса, «Don’t see who you’re looking for?» сілтемесін басып көріңіз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Файлдарды жақын жердегі құрылғыларға жіберу үшін Mac компьютеріңіздегі AirDrop функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.