Деректеріңізді жаңа Mac Pro компьютеріңізге тасымалдау
Файлдар мен параметрлерді басқа Mac компьютерінен немесе компьютерден Mac Pro компьютеріне көшіру оңай. Деректерді Mac Pro компьютеріңізді бірінші рет орнатқанда тасымалдау үшін Setup Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Деректерді кейінірек тасымалдау үшін Migration Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Екі компьютер де бірдей Wi-Fi желісіне қосылса, деректерді сымсыз тасымалдай аласыз.
Кеңес: Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін Mac Pro компьютеріңізде macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы іске қосылып тұрғанын тексеріңіз. Бағдарламалық жаңартуларды тексеру үшін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз, одан кейін Software Update түймесін басыңыз.
Time Machine функциясын файлдарды басқа Mac компьютерінен сақтау құрылғысына (сыртқы диск сияқты) сақтық көшірмелеу үшін пайдаланған болсаңыз, файлдарды құрылғыдан Mac Pro компьютеріне көшіруіңізге болады.
Migration Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Finder терезесін ашыңыз, Applications > Utilities тармағына өтіңіз, одан кейін Migration Assistant түймесін екі рет басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Мазмұныңызды жаңа Mac компьютеріне жылжыту жолы атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Кеңес: Жылдам көшіру үшін ескі компьютеріңізді Mac Pro компьютеріңізге Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі сияқты кабельмен қосыңыз. Сымсыз тасымалдасаңыз, екі компьютерді тасымалдау процесі кезінде бір-біріне жақын ұстасаңыз, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.
Файлдарды сақтау құрылғысынан көшіріңіз. Құрылғыны Mac Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына немесе USB 3 (Type A) портына қосыңыз, одан кейін файлдарды сақтау құрылғысынан Mac Pro компьютеріңізге сүйреңіз.
Target Disk Mode режимін пайдаланыңыз. Ескі компьютеріңіздегі Thunderbolt портының түріне байланысты сізге басқа кабельдер және/немесе адаптерлер керек болады:
Thunderbolt 3 (USB-C) порттары: Сізге Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі керек болады. Бір үшін ескі компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына, ал екінші ұшын Mac Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосыңыз.
Thunderbolt 2 порты: Сізге Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері және Thunderbolt 2 кабелі керек болады. Адаптерді Mac Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосыңыз. Одан кейін, Thunderbolt 2 кабелінің бір ұшын адаптерге, ал екінші ұшын ескі компьютеріңіздегі Thunderbolt 2 портына қосыңыз.
Ішінен деректер тасымалданатын Mac компьютерін Target Disk Mode режиміне оны T пернесін басып тұрып қайта іске қосу арқылы қойыңыз. Одан кейін, жоғарыда сипатталған опциялардың біреуін пайдаланып екі компьютерді қосыңыз және Mac Pro компьютеріңізде Migration Assistant көмекшісін ашыңыз. Ақпаратты тасымалдау қажет жол сұралғанда «From a Mac, Time Machine backup немесе startup disk» параметрін таңдаңыз, Continue түймесін басыңыз, одан кейін ақпарат тасымалдануы керек дискіні таңдаңыз.
Ескертпе: FileVault параметрі ескі Mac компьютеріңізде қосылса, Target Disk Mode режимін пайдаланбастан бұрын әкімші құпия сөзін енгізуіңіз сұралады.