Mac компьютеріңіздің құлпын Apple Watch құрылғысымен ашу және тапсырмаларды мақұлдау
Apple Watch құрылғысын тағып тұрғанда оны Mac Pro компьютеріңіздің құлпын автоматты түрде ашу және түпнұсқалықты растау тапсырмаларын—құпия сөздерді енгізу, жабалар мен теңшелімдердің құлпын ашу және орнатуларға рұқсат ету сияқты—құпия сөзді терместен бекіту үшін пайдалануыңызға болады. Бұл мүмкіндіктер Apple Watch және Mac Pro арасында қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін күшті шифрлауды пайдаланады.
Auto Unlock және Approve with Apple Watch мүмкіндіктерін пайдалану үшін:
Mac компьютеріңіз бен Apple Watch құрылғыңызға бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз.
Mac компьютеріңіздің құлпын автоматты түрде ашу үшін Apple Watch құрылғыңыздың құлпы ашық екенін және watchOS 3 немесе одан кейінгі жүйе іске қосылғанын тексеріңіз; түпнұсқалықты растауды бекіту үшін watchOS 6 жүйесі керек.
Екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін қосыңыз (төменді қараңыз).
Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растауды орнатыңыз. Екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін қосу үшін Apple мәзірі > System Preferences > Apple ID > Password & Security тармағына өтіңіз, одан кейін Set Up Two-Factor Authentication параметрін таңдаңыз. Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
«Disable automatic login» параметрінің де қосылғанын тексеріңіз. (FileVault мүмкіндігін пайдаланып жатсаңыз бұл параметрді көрмейсіз, бірақ Auto Unlock және Approve with Apple Watch мүмкіндіктерін әлі де пайдалана аласыз.)
Auto Unlock мүмкіндігін орнатыңыз. Барлық құрылғыларыңызға бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз, одан кейін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Apple Watch құрылғыңызда орнатылған watchOS 6 жүйесі болса, Security & Privacy түймесін басыңыз, одан кейін «Use your Apple Watch to unlock apps and your Mac» параметрін таңдаңыз. Apple Watch құрылғысында орнатылған watchOS 3 - watchOS 5 жүйесі болса, «Allow your Apple Watch to unlock your Mac» параметрін таңдаңыз—тапсырмаларды бекіте алмайсыз.
Ескертпе: Бұл мүмкіндіктер тек Apple Watch құрылғысының түпнұсқалығы құпия кодпен расталған кезде жұмыс істейді. Apple Watch құрылғысын таққан сайын оның түпнұсқалығын растайсыз, сонда құпия кодты енгізгеннен кейін ешқандай қосымша қадамдар қажет емес.
Кіруді өткізіңіз. Білегіңізге түпнұсқалығы расталған Apple Watch құрылғыңызды киіп тұрып ұйқыдағы Mac Pro компьютеріңізге қарай жүріңіз және Mac компьютеріңізді ояту үшін пернені басыңыз. Apple Watch бірден жұмыс істей алуыңыз үшін Mac компьютеріңіздің құлпын ашады.
Apple Watch құрылғысымен растаңыз. Сізден құпия сөз сұралса, Mac компьютеріңізде құпия сөзіңіздің түпнұсқалығын растау үшін Apple Watch құрылғыңызда бүйірлік түймені екі рет басыңыз. Құпия сөздеріңізді Safari шолғышында қарауыңызға, қолданба орнатуларын мақұлдауыңызға, құлыпталған жазбаның құлпын ашуыңызға және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады (watchOS 6 жүйесі керек).
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңіздің құлпын Apple Watch құрылғысыман ашу және тапсырмаларды мақұлдау бөлімін қараңыз.