Mac компьютеріңіздегі Notification Center терезесі
Notification Center терезесі маңызды ақпаратыңыздың, еске салғыштарыңыз бен виджеттеріңіздің барлығын бір қолайлы орында сақтау үшін қайта жасақталды. Күнтізбе шаралары, акциялар, ауа райы және т.б. туралы мәліметтерді алыңыз—және өткізіп алған болуыңыз мүмкін хабарландыруларды біліңіз (электрондық пошта хабалары, хабарлар, еске салғыштар және т.б.).
Notification Center терезесін ашыңыз. Экранның жоғарғы жағындағы күнді немесе уақытты басыңыз немесе сенсорлы тақтаның оң жақ шетінен солға екі саусақпен сипаңыз. Көбірек көру үшін төмен жылжыңыз.
Хабарландырулармен өзара әрекеттесіңіз. Электрондық пошта хабарына жауап беріңіз, ең соңғы подкастіні тыңдаңыз немесе күнтізбе шаралары туралы мәліметтерді қараңыз. Параметрлерді қарау, әрекет орындау немесе қосымша ақпарат алу үшін хабарландырудың жоғарғы оң жақ бұрышындағы көрсеткіні басыңыз.
Виджеттеріңізді теңшеңіз. Виджеттерді қосу, жою немесе қайта реттеу үшін Edit Widgets түймесін басыңыз. Mac App Store дүкенінен үшінші тараптың виджеттерін қосуыңызға да болады.
Хабарландыру теңшелімдеріңізді орнатыңыз. System Preferences терезесін ашыңыз және көретін хабарландыруларыңызды таңдау үшін Notifications түймесін басыңыз. Хабарландырулар ең соңғысы бойынша сұрыпталады және қайта жасақталған Today виджеттері ақпаратты бір қарағаннан жеткізеді.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріңіздегі Notifications тізімін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.