Voice Memos
Voice Memos жеке еске салуларды, класс лекцияларын және керек десеңіз сұхбаттарды немесе ән идеяларын түсіруді бұрынғыдан да оңайлатады. iCloud қызметімен iPhone құрылғыңызбен жазылған дауыстық ескертулерге тікелей Mac Pro компьютеріңізден қатынай аласыз.
Mac Pro компьютеріңізден жазыңыз. Жазуды бастау үшін Record түймесін басыңыз, одан кейін тоқтату үшін Done түймесін басыңыз. Жазбаны анықтауды оңайлату үшін оның атауын өзгертуіңізге болады. Әдепкі атауды басыңыз, одан кейін жаңа атау енгізіңіз. Жазбаңызды ойнату үшін Play түймесін басыңыз. (Сыртқы микрофонды талап етеді. Қосалқы құралдар apple.com торабында, жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.)
Барлық құрылғыларыңыздағы дауыстық ескертулеріңіз. Дауыстық ескертулеріңіз бірдей Apple ID идентификаторымен кірген кезде барлық құрылғыларыңызда қолжетімді болады. iPhone немесе iPad құрылғыңызбен жасаған жазбаларыңызға тікелей Mac компьютеріңізден қатынай аласыз.
Қалталармен ұйымдастырыңыз. Voice Memos жазбаларыңызды ұйымдасқан күйде сақтауыңызға көмектесу үшін қалталар жасаңыз. Қалта қосу үшін Sidebar түймесін басыңыз, одан кейін бүйірлік жолақтың төменгі жағындағы New Folder түймесін басыңыз. Қалта үшін атау енгізіңіз, одан кейін Save түймесін басыңыз. Жазбаны қалтаға қосу үшін Option пернесін жазбаны қалтаға сүйреп жатқанда басып тұрыңыз.
Жазбаны таңдаулы ретінде белгілеңіз. Жазбаны таңдаңыз, одан кейін құралдар тақтасында Favorite түймесін басыңыз, сонда жазбаны кейінірек жылдам таба аласыз. Барлық таңдаулыларыңызды көру үшін Sidebar түймесін басыңыз.
Жазбаны жақсартыңыз. Voice Memos жазбаларыңыздың дыбыс сапасын фондық шу мен бөлме жаңғырығын азайту арқылы жақсартыңыз. Voice Memos терезесінің жоғарғы жағындағы Edit түймесін басыңыз, Play түймесін, одан кейін Enhance түймесін басыңыз.
Қосымша мәліметтер. Voice Memos пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.