Numbers
Mac компьютерінде тартымды және күшті электрондық кестелер жасау үшін Numbers қолданбасын пайдаланыңыз. 30-дан астам Apple әзірлеген үлгілер бюджеттер, инвойстар, топ кестелерін және т.б. жасауда бастама береді. Сондай-ақ, Numbers қолданбасы Microsoft Excel электрондық кестелерін аша және экспорттай алады.
Үлгімен бастаңыз—одан кейін қажетті нәрсені қосыңыз. Үлгідегі үлгі мәтінді таңдаңыз, одан кейін жаңа мәтінді теріңіз. Суреттер қосу үшін сурет файлын Mac компьютерінен орын толтырғыш суретке сүйреңіз.
Парақтармен реттеулі күйде болыңыз. Ақпараттың түрлі көріністерін көрсету үшін көптеген парақтарды немесе қойындыларды пайдаланыңыз. Мысалы, бюджет үшін бір парақты, ал кесте үшін екіншісін, ал жазбалар үшін үшіншісін пайдаланыңыз. Жаңа парақ қосу үшін түймесін басыңыз. Парақтарды қайта реттеу үшін қойындыны солға немесе оңға сүйреңіз.
Формулалар — жеңіл тапсырма. 250-деп астам қуатты функциялар үшін кірістірілген анықтама алыңыз—жай ғана ұяшыққа теңдік белгісін (=) енгізіңіз, сонда бүйір жолақта барлық функциялардың тізімі мен олардың сипаттамаларын көресіз. Жылдам ұсыныстарды алу үшін формуланы теруді бастаңыз.
Кеңес: Мәндер қатарында жылдам есептеулерді алу үшін мәндер бар ұяшықтар ауқымын таңдаңыз. Терезенің төменгі жағында қосындыны, орташа мәнді, ең кіші мәнді, ең үлкен мәнді және таңдалған мәндердің есебін көресіз. Одан да көбірек параметрлерді көру үшін Settings түймесін басыңыз.
Қосымша мәліметтер. Numbers үшін қолдау бөлімін қараңыз.