Mac компьютеріңізде AirPlay қызметін пайдалану
Mac Pro экранындағы кез келген нәрсені AirPlay Mirroring мүмкіндігін пайдаланып үлкен экранда көрсетіңіз. Mac Pro экранын теледидар экранында көрсету немесе HDTV теледидарын екінші дисплей ретінде пайдалану үшін HDTV теледидарын Apple TV теледидарына қосыңыз және Apple TV теледидарының Mac Pro сияқты бір Wi-Fi желісінде екенін тексеріңіз. Сондай-ақ, кейбір веб-бейнелерді тікелей HDTV теледидарында жұмыс үстелін көрсетпестен ойната аласыз—фильмді ойнатып, бірақ жұмысыңызды құпия сақтағыңыз келгенде қолайлы.
AirPlay Mirroring мүмкіндігін пайдаланып жұмыс үстеліңізді көрсетіңіз. Мәзір жолағында AirPlay белгішесін басыңыз, одан кейін Apple TV тармағын таңдаңыз. AirPlay дисплейі белсенді кезде, белгіше көк түске ауысады.
Кейбір жағдайларда AirPlay дисплейін Apple TV теледидары сияқты бір Wi-Fi желісінде болмасаңыз да пайдалана аласыз (тең байланысты AirPlay деп аталады). Тең байланысты AirPlay қызметін пайдалану үшін tvOS 7.0 немесе одан кейінгі бағдарламалық жасақтамасы бар Apple TV (3-буын, A нұс., A1469 немесе одан кейінгі үлгісі) керек.
Веб-бейнелерді жұмыс үстелін көрсетпестен ойнатыңыз. AirPlay белгішесі бар веб-бейнені тапқанда, белгішені басыңыз, одан кейін Apple TV тармағын таңдаңыз.
Кеңес: Экранды көрсеткенде сурет HDTV экранына сыймаса, жұмыс үстелінің өлшемін ең жақсы сурет үшін реттеңіз. AirPlay белгішесін басыңыз, одан кейін «Match Desktop Size To» астында параметрді таңдаңыз.
Apple TV apple.com торабында, жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.
Қосымша мәліметтер. AirPlay туралы қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңіздегі нәрсені HDTV теледидарына ағынмен жіберу үшін AirPlay технологиясын пайдалану бөлімінен қараңыз. Mac Pro компьютеріңізбен екінші дисплейді пайдалану туралы қосымша мәліметтерді Дисплейді Mac Pro компьютеріне қосу бөлімінен қараңыз.