MacBook Pro компьютеріңізбен берілген нәрселер
MacBook Pro компьютеріңізді пайдалану үшін сізге қорапта берілген екі қосалқы құрал керек—кабель және төменде тізімделген қуат адаптерлерінің біреуі.
Қосалқы құрал | Сипаттама | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USB-C зарядтау кабелі: 13 дюймдік MacBook Pro үшін. MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C зарядтау кабелінің бір ұшын MacBook Pro компьютеріңіздегі кез келген Thunderbolt портына, ал екінші ұшын берілген қуат адаптеріне қосыңыз. | |||||||||||
USB-C - MagSafe 3 кабелі: 14 дюймдік және 16 дюймдік MacBook Pro. MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C - MagSafe 3 кабелінің бір ұшын MacBook Pro компьютеріңіздегі MagSafe 3 портына, ал екінші ұшын берілген қуат адаптеріне қосыңыз. Кабельді MacBook Pro компьютеріне бірінші рет қосқанда, қосқыштағы батарея күйінің индикаторы жана бастайды: жасыл толық зарядталған, ал сары зарядталып жатқан күй үшін. | |||||||||||
67 Вт USB-C қуат адаптері немесе 96 Вт USB-C қуат адаптері: 13 дюймдік MacBook Pro және 14 дюймдік MacBook Pro компьютеріне арналған 67 Вт USB-C қуат адаптері. 16 дюймдік MacBook Pro компьютеріне арналған 96 Вт USB-C қуат адаптері. Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. 96 Вт USB-C қуат адаптері 14 дюймдік MacBook Pro компьютерін 30 минутта 50 пайызға дейін жылдам зарядтайды. | |||||||||||
140 Вт USB-C қуат адаптері: 16 дюймдік MacBook Pro үшін. Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. 140 Вт USB-C қуат адаптері MacBook Pro компьютерін шамамен 30 минутта шамамен 50 пайызға дейін тез зарядтайды. |
Басқа адаптерлер мен қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.