Mac компьютеріңіздегі Universal Clipboard мүмкіндігін пайдалану
Мазмұнды бір құрылғыдан көшіріп, оны жақын басқа құрылғыға қысқа уақыт ішінде қойыңыз. Аралық сақтағыштың мазмұндары Wi-Fi желісі арқылы жіберіледі және бірдей Apple ID идентификаторымен кірген және Handoff, Wi-Fi және Bluetooth параметрлері қосылған барлық Mac компьютерлерінде, iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларында қолжетімді етіледі. Mac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін пайдалану бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Universal Clipboard мүмкіндігін пайдалану үшін сізге Lightning немесе USB-C қосқышы бар және iOS 10 (немесе одан кейінгі) немесе iPadOS жүйесі орнатылған iPhone, iPad немесе iPod touch керек.
Қолданбалар арасында пайдаланыңыз. Mac, iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларында көшіріп, қоюды қолдайтын барлық қолданбалар арасында суреттерді, мәтінді, фотосуреттерді және бейнені көшіріп, қоюыңызға болады.
Файлдарды көшіріп, қойыңыз. Файлдарды бір Mac компьютерінен екіншісіне Universal Clipboard аралық сақтағышын пайдаланып жылдам жылжытуыңызға болады. Mac mini компьютеріндегі файлды көшіріңіз және оны Finder терезесіне, Mail терезесіне немесе жақын жердегі Mac компьютерінде көшіріп, қоюды қолдайтын кез келген қолданбаға қойыңыз. Екі Mac компьютерінде де бірдей Apple ID идентификаторымен кіруіңіз керек.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Құрылғылар арасында Mac компьютеріңізден көшіру және қою бөлімін қараңыз.