Мазмұнға өту

Украина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 49°29′ с. е. 30°50′ ш. б. / 49.483° с. е. 30.833° ш. б. / 49.483; 30.833 (G) (O) (Я)
Украина
укр. Україна
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Державний Гімн України» (тыңдау )
Еуропа картасындағы Украина. Ашық жасылмен уақытша жауланған аумақ белгіленген.
Тарихы
Тәуелсіздік күні 24 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі украинша[1]
Елорда Киев
Ірі қалалары Киев, Харьков, Одесса, Днепр, Донецк, Запорожье, Львов, Кривой Рог, Николаев, Мариуполь
Үкімет түрі Парламенттік-президенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Верховна рада төрағасы
Володимир Зеленський
Денис Шмигаль
Руслан Стефанчук
Мемлекеттік діні Зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 45- орын
603,628 км²
7
Жұрты
• Сарап (2019)
• Санақ (2001)
Тығыздығы

37,552,198[2](Қырым мен
Севастопольды қоспағанда)
адам (33-)
48,457,102 адам
73.8 адам/км² (115-)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

408.040 млрд.[3] $ (47-)
9.743[3] $ (111-)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

134.887 млрд.[3] $
3.220[3] $ (128-)
АДИ (2018) 0.750[4] (жоғары) (88-)
Валютасы Украина гривнасы (₴, UAH)
Қосымша мәліметтер
ISO коды UA
ХОК коды UKR
Телефон коды +380[5]
Уақыт белдеулері UTC+2 (жазда UTC+3)

Украина (укр. Україна, [ukrɑˈjinɑ]) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет және Еуропадағы екінші ең ірі ел, 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең. Солтүстігінде Беларусьпен, батысында Польша, Словакия мен Мажарстанмен, оңтүстік-батысында Румыния мен Молдовамен, шығысында Ресеймен және оңтүстігінде Қара мен Азов теңіздерімен шектеседі. Елдің астанасы және ең ірі қаласы — Киев.

41,6 миллион халқының 74 пайызы — украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, орыстар негізінен шығысында тұрады. Украинаның ресми тілі — украин тілі. Елдегі діншілдердің көпшілігі православие дінін ұстанады, сонымен қатар католицизмді, иудаизмді және исламды ұстанушылар бар.

1991 жылғы тамызда Украина КСРО құрамынан шығып, өз тәуелсіздігін алды.[6] 1996 жылы жаңа конституция қабылданды. Еуромайдан деп аталатын бірқатар жаппай шерулер 2014 жылы төңкерістен кейін жаңа еуропашыл үкіметтің құрылуына әкелді. Содан кейін Ресей Украинаның Қырым түбегін заңсыз түрде аннексиялады және ресейшіл толқулар Украинаның шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер мен үкімет күштері арасындағы Донбасста соғысқа ұласты. Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украина АҚШ, Еуропа Одағы және НАТО-мен тығыз байланыс орнатуды жалғастырды. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірді[7] және елдегі қақтығыстар әлі де жалғасуда.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Украина" сөзі көне славян тілінен "шекара", не "шекарадағы жер" дегенді білдіреді[8] және краина сөзінен шыққан.

Толық мақаласы: Украина тарихы

Ерте тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Үнді-еуропалықтардың Понтий-Каспий даласынан қазіргі Украина мен Ресей жеріне қоныс аударуы бейнеленген карта

Адамдардың қазіргі Украина жеріндегі тұңғыш қоныстары б.з.б. 32,000 жылдарда пайда болған деп есептеледі, оған дәлел болған Қырым тауларындағы Граветтиялық мәдениетті айтады.[9][10] Б.з.б. 4,500 жылға қарай неолиттік Триполье-Кукутень мәдениеті қазіргі Украина жерінің көпшілігін алып жатқан. Кейбір дереккөздерде жылқының қолға үйретілуі осы жерлерде тұңғыш рет орын алды делінеді.[11][12][13] Қорған гипотезасы үнді-еуропалықтардың тілдік Отанын Украинаның Еділ-Днепр және Ресейдің оңтүстігінде болды деп болжайды.[14] Темір дәуірінде бұл жерді ирандық тілде сөйлейтін кемерлер, скифтер, сарматтар мекендеген.[15] Біздің заманымызға дейінгі 700–200 жылдар аралығында ол розаСкиф патшалығының бір бөлігі болды.[16]

Б.з.б. VI ғасырға қарай Қара теңіз жағалуында грек, римдік және византиялықтар қоныстанды. Сол жерден қоныс аудармай, қала берген халықтар арасында готтар болды, алайда олар 370 жылдарына қарай ғұндардан қысым көретін болды. VI ғасырда қазіргі Шығыс Украина жері Ұлы Бұлғарияның орталығы болды. Ғасырдың соңына қарай бұлғарлардың көпшілігі түрлі бағыттарға қарай көшіп кетті, жердің көпшілігін хазарлар жаулап алды.[17]

V–VI ғасырларда Украинада ежелгі славяндық анттар мекендеді. Ежелгі славяндардың қазіргі Украинадан Балкан түбегіне қарай қоныс аударуы қазіргі Оңтүстік славяндардың шығуына әкелді.

Киевтің алтын ғасыры

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Киев Русі
Киев Русінің ең көп жері бар болғандағы картасы, 1054 жыл

Киев Русі мемлекетінің қалыптасуы әлі де анық емес.[18] Киев Русі жерінің құрамына қазіргі Украина, Беларусь және Еуропалық Ресейдің батысы кіретін. Әуелгі жылнама (орыс.) мәліметінше Русь халқының құрамында скандинавиялық варягтар кіретін.[19] 882 жылы Көреген Олег Киевті жаулады да, оны Русьтің жаңа елордасы қылды.[20] Алайда антинорманист тарихшылардың ойынша Днепр оңтүстігіндегі Шығыс славяндар сол кездері өзінің тәуелсіз мемлекетін құрып жатқан еді.[21] Варягтік элита мен соның ішіндегі рюриктер әулеті жергілікті славяндармен ассимиляцияланды. Киев Русі бір-біріне туыс болған рюрикович кінәздер басқарған бірнеше кінәздіктерден құралған еді, кінәздер бір-бірімен Киев үшін соғысып жататын.[22]

X–XI ғасырларда Киев Русі Еуропадағы ең ірі мемлекет болды, сондықтан бұл заман оның Алтын ғасыры делінеді.[23] Ол христиандануы жүргізген Владимир Святославичтың (980–1015) билігімен басталды. Оның ұлы дана Ярославтың (1019–1054) билігі кезінде Русь өзінің мәдени және әскери дамуының шыңында еді.[24] Ұлы Мстислав Владимировичтың (1125–1132) өлімінен кейін Киев Русіндегі бірлік жоқ болды, ол түрлі кінәездіктерге бөлініп қалды.[25] XI–XII ғасырлары Қара теңіздің солтүстігіндегі Понтий даласының мықты державасы түркітілдес құмандар мен қыпшақтар болды.[26]

XIII ғасырда орын алған Моңғол-татарлардың Руське қарсы шапқыншылығы Русьті қатты әлсіретті, 1240 жылы Киев толықтай жойылды.[27] Қазіргі Украинаның батысында Галиция-Волынь кінәздігі құрылды. Роман Мстиславичтың ұлы болған Даниил Галицкийдің оңтүстік-батыс Рустің көпшілігін біріктіріп, Рим папасының қолдауымен Галиция-Волынь тұңғыш королі болды.

Шетел қарамағында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Польша корольдігі мен Ұлы Литва кінәздігінің жерлері, 1386—1434
Толық мақаласы: Киев воеводалығы
Тағы қараңыз: Ұлы Литва кінәздігі, Польша корольдігінің тәжі, Қырым хандығы, Осман империясы, Речь Посполитая және Ресей империясы

1349 жылы Галиция-Волынь соғыстарының нәтижесінде аумақ Польша корольдігі мен Ұлы Литва кінәздігі арасында бөлінді.[28] XIII ғасырдың ортасынан XIV ғасырдың екінші жартысына дейін Генуя Республикасы Қара теңіздің солтүстік жағалауында бірнеше бодандық құрды, оларды ірі сауда орталықтарына айналдырды да, басшылығына Республиканың өкілі болған консулдарды тағайындады.[29] 1430 жылы Подолье аумағы Польша құрамына енді, қазіргі Украина жеріне поляктар қоныс аударатын болды.[30] 1441 жылы Шыңғыс хан ұрпағы болған I Қажы Герей Қырым мен оның айналасындағы жерінде Қырым хандығын құрды.[31] Қырымдықтар басқа түркілермен бірге Украина жеріне шапқыншылықтар жасайтын, келесі үш жүзжылдық уақытында олар 2 миллионға жуық адамды құлдыққа алды.[32]

1569 жылы Люблин униясы Речь Посполитаяның негізін қалады, украиналық жердің көпшілігі Литвадан Польша корольдігінің тәжіне берілді де, ол де-юре поляк жері болды. Полонизация (поляктандыру) саясатының нәтижесінде Рутенияның бір бөлігі католик болды, шляхта мүшелігін алды.

Казак гетманщинасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақалалары: Гетманщина және Запорожьелік сечь
1648 жылы Гетман Богдан Хмельницкий Польшаға қарсы көтерілістен кейін казак мемлекетін құрған

Рутениялық элита арасында шаруалардың, қала халқының өкілі болмағандығынан қара халық Запорожье казактарына жүгінді. XVII ғасырдың ортасына қарай запорожьелік казактар мен рутениялық шаруалар құрған Запорожьелік сечь атты квазиавтономиялық мемлекет құрылады,[33] Польшаның казак жерінде билігі аз болды, бірақ олар сонда да казак жауынгерлерін түріктер мен татарларға қарсы жіберетін.[34] Алайда шляхта сияқты элитадан көрген қысымнан рутениялық та, казак та болған шаруалар билікке қарсы шығудан абыржымайтын.[35]

1648 жылы жергілікті халықтан қолдау көрген гетман Богдан Хмельницкий Поляк короліне қарсы бірнеше көтеріліс ұйымдастырды да, 1648 жылы Гетманщина казак мемлекетін құрды. Гетмандар мемлекеті 1764 жылға дейін күн көрді (кейбір дереккөздердің мәліметінше 1782 жылға дейін).[36] Берестечкода көрген ірі жеңілістен кейін Хмельницкий Ресей патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. 1654 жылы Переяславль Радасының нәтижесінде Гетманщина мен Ресей арасында әскери және саяси альянсы пайда болды.

Хмельницкийдің өлімінен кейін Гетманщина үшін басталған, Ресей, Польша, Қырым хандығы, Осман империясы мен казактар қатысқан отыз жылға созылған, "Құланды" ("қираған үйінді" мағынасында, укр. Руїна, 1657–1686) деп аталған соғыс орын алды. Мәңгі бітім келісімінің нәтижесінде Гетманщина жері Польша мен Ресей арасында бөлінді. 1686 жылы Киев метрополиясы Орыс шіркеуімен аннексияланды, Ресей мен Украина шіркеулері байланысты болды.

Полтава шайқасындағы жеңілісінен кейін Гетманщинаның автономиясы қатты азайды. 1764–1781 жылдары II Екатерина бұйрығымен Орталық Украинаның көбі Ресей империясының құрамына енгізілді, Гетманщина мен Запорожьелік сечь жоқ болды.[37] Қырым аннексиясынан кейін «Новороссия» (Жаңаресей) болып аталып кеткен Украина жеріне орыстардың қоныс аударуына рұқсат берілді.[38] Самодержавие болып аталып кеткен патшалық автократия барысында елде руссификация (орыстандыру), соның ішінде украин тілінің қолданылуы және украиналықтардың сәйкестігіне шектеу қойылды.[39] Қазіргі батыс Украинаның жері 1795 жылы, Речь Посполитаяның ыдыауынан кейін Хабсбургтар басқарған Аустрия мен Ресей арасында бөлінді.

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Теодор Аксентовичтың «Гуцулдардың жерлеуі» суреті, 1882. Біраз поляк пен украин тұрған Аустриялық Галиция аймағында кедейлік, аштық көп болды.

XIX ғасырдың басында украиналық ұлтшылдық өсім көрді. Күрт басталған урбанизация мен модернизация себебінен халық арасында романтикалық ұлтшылдық өсім көрді, украиналық интеллигенция арасында ұлттық жандану және әлеуметтік әділет идеялары пайда болды. Поэт Тарас Шевченко мен саясаттанушы Михайло Драгоманов ұлтшылдықтың басты тұлғалары болды.[40][41] Аустриялық Галицияда осы қозғалысқа қарсы аса көп нәрсе жасалмаса, Украинаның Ресей бөлігінде (кейде "Малороссия", "Кішіресей", я "оңтүстік Ресей" деп аталған) оған қарсы көп қысым көрсетілді, тіпті 1876 жылы украин тілінде іс жүзінде барлық кітаптарға тыйым салынды.

Жақында шахта ашқан Донецк пен Киев, Одесса сияқты ірі қалаларды санамағанда Украинаның көпшілігі тек ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурс алумен айналысты.[42] Аустрия құрамында болған Галиция аймағындағы ахуал өте нашар болды, кедейлік пен аштықтан қашқан украиналықтар ел сыртына қоныс аударуға мәжбүр болды, сол себептен Канада, АҚШ пен Бразилия сияқты елдерде ірі украиндық диаспора пайда болды.[43] Кейбір украиндар шығысқа қарай да қоныс аударды, жылғы санақ бойынша Сібірде 223,000 этникалық украин болды, Орталық Азияда бұл көрсеткіш 102,000 адамға тең болды.[44] Оған қоса Сібір темір жолының құрылысынан кейін аумаққа 1.6 миллион украиндық қоныс аударды.[45]

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Украина күйзеліске ұшырады, елдегі шайқастар 1921 жылы ғана аяқталды. Бастапқыда украиндар Аустрия-Мажарстан арасында екіге бөлініп, Орталық державалар үшін соғысты, бірақ басым көпшілігі Императорлық Ресей армиясында қызмет етіп, Антантаның бір бөлігі болды. Ресей империясы ыдырағаннан кейін қақтығыс Украинаның тәуелсіздік соғысына айналды, украиндар қызыл, ақ, қара және жасыл армиялармен бірге немесе оларға қарсы соғысты.

Тәуелсіз ел құру жоспарымен 1917 жылы Михайло Грушевський солшыл Украина Халық Республикасын құрды, алайда бұл жылдар бытыраңқылыққа толы болды, әскери төңкеріс нәтижесінде билікке Павло Скоропадський келді де, елді антибольшевистік Украина державасына айналдырды. Алайда бұл мемлекет те сәтсіз болды, оның «өмірі» тек бір жылға ғана созылды.

Қақтығыстың нәтижесінде Екінші Поляк Республикасы жартылай жеңіске жетті де, Украинаның батыс жерлерін аннексиялады. Ең үлкен жеңіске қол жеткізе алған КСРО болды, ол ақырында қалған украин жерінде Украин Кеңестік Социалистік Республикасын құрды. Қазіргі Буковина аумағын Румыния корольдігі жаулады, Закарпатье Чехословакияға автономия ретінде берілді.[46]

Ресейдегі азамат соғысының бөлігі болған Украина жері үшін қақтығыстар бүкіл бұрынғы Ресей империясын, соның ішінде шығыс және орталық Украинаны қиратты. Соғыс кезінде бұрынғы Ресей империясының аумағында 1,5 миллионнан астам адам қаза тауып, жүздеген мың адам баспанасыз қалды. Оған қоса Шығыс облыстар 1921 жылы орын алған ашаршылықтан да зардап шекті.

Соғыстар арасындағы Кеңестік Украина

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Польшада маршал Юзеф Пилсудски және оның саяси одақтастары шекаралас аймақтардағы кеңестік ықпалды азайтудың жолы ретінде украиндарға шектеулі жергілікті автономия ұсыну арқылы Украинаның қолдауына ие болғысы келді.[47] Алайда, бұл жоспар 1935 жылы Пилсудский қайтыс болғаннан кейін, украин халқының арасындағы толқулардың жалғасуына байланысты бас тартылды, Польша үкіметі украин азаматтығын жариялаған және Шығыс православ шіркеуіне жататын адамдардың құқықтарын шектеу арқылы жауап берді.[48][49] Нәтижесінде 1920–1930 жылдары Украинаның астыртын ұлтшыл-содырлық қозғалысы пайда болды, ол бірте-бірте Украина әскери ұйымына, кейінірек Украина ұлтшылдарының ұйымына (УҰҰ) айналды.

Сол кездері жаңадан құрылған Кеңестік Украина Кеңес Одағының құрушы республикаларының бірі болып жатқан еді. 1920 жылдары большевик Микола Скрипниктың басшылығымен украинизация (украиндыру) саясаты жүріп жатқан еді, ол жалпы Одақта болып жатқан коренизация (жергіліктендіру) саясатының бөлігі еді.

Сол жылдары соғыстан кейін елді және оның экономикасын қалпына келтіру мақсатымен Владимир Ленин басшылығымен Жаңа экономикалық саясат орнатылды, елде нарықтық социализм пайда болды. ЖЭС көбіне сәтті жүргізілді.[50] Бұл кезең Лениннің өлімінен және Иосиф Сталиннің билікке келгенінен кейін аяқталды. 1920 жылдардан бүкіл одақта орталықтанған жоспарлы экономика орнады, Украинада индустриализация жүрді де, оның өнімі төрт есе артты.

Алайда күрт индустрияландырудың себебінен Украина шаруаралары Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруынан зардап шекті. «Коллективизация» деп аталып кеткен шаруалардан ауыл шаруашылығы өнімін тартып алу бесжылдықтар саясатының бөлігі болды да ВЧК полициясымен қадағаланатын. Оған қарсы шыққандар депортацияланды, не ГУЛАГ сияқты лагерьлерге жіберілетін. Қойылған талаптар орындалмағанда бидай сияқты өнімдер берілмгендігінен Голодомор деп аталып кеткен ірі ашаршылық орын алды. Бірнеше мемлекет, соның ішінде заманауи Украина бұл ашаршылықты геноцид деп таныды.[51]

Азамат соғысы мен ұжымдастырудан кейін Сталиннің саяси қарсыластары репрессияланды, украин интеллигенциясы қудаланды және қаза тапқан, тұтқындалған қайраткерлер Атылған жаңғыру деп аталып кетті.

Екінші дүниежүзілік соғыс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұлы Отан соғысы нәтижесінде Киев қатты зардап шекті, қала Вермахт бақылауында 1941 жылғы 19 қыркүйектен 1943 жылғы 6 қарашаға дейін болды.

1939 жылғы қыркүйекте орын алған Польшаға шабуылдан кейін КСРО мен Германия Польшаны екіге бөлді. Нәтижесінде украиндар тұрған Шығыс Галиция мен Волынь аймақтары Украина бөлігі болды. Тарихында тұңғыш рет халық бірге болды.[52][53] 1940 жылы Украинаның жері одан әрі көбейді, құрамына Бессарабия, солтүстік Буковина мен Герца облысы енді. Молдован Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының шығыс территориялары жаңа құрылған Молдован Кеңестік Социалистік Республикасына берілді. КСРО-ның жаңа территориялары халықаралық деңгейде Париж келісім шарттарымен танылды.[54]

1941 жылғы 22 маусымда Вермахт КСРО жеріне басып кірді. Киев шайқасындағы Киевтің қарсылығы үшін қалаға «Қаһарман қала» атауын алды. Киевте Кеңестік сарбаздың 600,000 адамнан астамы (Батыстық фронттың төрттен бірі) қайтыс болды, не тұтқынға алынды. Батыстық Украинаны жаулап алғаннан кейін, Украина КСР-нің көп бөлігі оның ресурстарын пайдалану және ақырында немістерді қоныстандыру мақсатында Украина Рейхскомиссариатының құрамында ұйымдастырылды. 1939 жылы ғана Кеңес Одағына қосылған кейбір батыс украиналықтар немістерді азат етушілер деп көрді, бірақ бұл ұзаққа созылмады, нацистер ұжымдастыру саясатын жалғастыра берді, жергілікті халықты Германияға депортациялады және Украинада Холокост ұйымдастырды.[55]

Украиндардың көпшілігі Қызыл Армия мен Кеңестік партизандар құрамында немесе олармен бірге соғысқанымен,[56] Батыс Украинада Украинаның көтерілісшілер армиясы пайда болды (УКА, 1942). Ол Украина ұлтшылдары ұйымының (УҰҰ) қарулы күштері ретінде құрылды.[57][58] Екі ұйым да этникалық көпшілігі украиндар тұратын аумақта тәуелсіз Украина мемлекетін құру мақсатын қолдады. Бұл нацистік Германияның идеяларына қарсы әкелгенімен, кейде УҰҰ-ның Мельник қанаты нацистік күштермен одақтас бола берді. 1943 жылдың ортасынан бастап соғыстың соңына дейін УКА Волынь және Шығыс Галиция аймақтарында этникалық поляктарды қырып, 100,000-ға жуық поляк бейбіт тұрғынын өлтірді, бұл репрессияға әкелді.[59] УКА-ның КСРО-мен қақтығыстары 1950 жылдарға дейін жалғаса берді.[60]

Жалпы алғанда, Кеңес Армиясы қатарында соғысқан этникалық украиндардың саны 4,5 миллионнан[56] 7 миллионға[61][a] дейін бағаланады; Кеңес Одағын қолдаған партизандық қарсылық бөлімшелерінің жартысы, олар 1944 жылы 500,000 әскер де украиндықтар болды.[62] Жалпы, Украина көтерілісшілер армиясының мәліметтері сенімсіз, олардың саны 15,000-нан 100,000-ға дейін жетеді.[63][64]

Соғыстан кейінгі Кеңестік Украина

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Республика соғыстан қатты зардап шекті, оны қалпына келтіру үшін айтарлықтай күш-жігер қажет болды. 700-ден астам қала мен елді мекен, 28 мыңнан астам ауыл қирады.[65] Жағдайды 1946–1947 жылдардағы құрғақшылық пен соғыс кезіндегі инфрақұрылымның бұзылуы, кемінде ондаған мың адамның өмірін қиған аштық нашарлады.[66] 1945 жылы Украин КСР Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрушы мемлекеттерінің бірі болды,[67] бұл Ялта конференциясының бір бөлігі еді. Сол себептен Украина мен Беларусь тәуелсіз мемлекет болмағанына қарамастан өзінің дауыс беру құқығына ие болды.[68] Оған қоса Закарпатье аннексияланды да, Украина өз жер аумағын тағы бір көбейтті. Украин КСР халқының украин емес ұлттарының көбі соғыстан кейін қоныс аударды, немістер пен қырым татарлары жағдайларында бұл депортациялар болды.

1953 жылы Сталин қайтыс болды, нәтижесінде КСРО-ның жаңа басшысы Никита Хрущёв болды. Хрущёв жылымығы мен Десталинизация саясаты енгізілді, Қырым РКФСР-ден Украин КСР-ына берілді, достық елге сый етіп аталған бұл түбек экономикалық себептермен берілді деп саналады.[69] Осы өзгерістен кейін Украина өзінің қазіргі шекараларына ие болды. Украина КСРО құрамында болған республикалардың ең маңыздыларының бірі болды. Сол себептен белгілі кеңестік саясаткерлердің үлкен бөлігі, соның ішінде КОКП ОК бас хатшысы Леонид Брежнев, украиндар болды. Оған қарамастан Брежневтің өзі мен Володимир Щербицький сияқты этникалық украиндар өзінің ұлтына қарамастан кеңестік орыстандыру саясатын жүргізе берді.[70]

1950 жылға қарай республика өнеркәсіп пен өндіріс бойынша соғысқа дейінгі деңгейден толық асып түсті.[71] Кеңестік Украина көп ұзамай өнеркәсіптік өндірісте еуропалық көшбасшы болды[72] және кеңестік қару-жарақ өнеркәсібі мен жоғары технологиялық зерттеулердің маңызды орталығы болды.[73] Кеңес үкіметі энергияға деген сұранысты қанағаттандыру үшін су және атом энергетикасы жобаларына инвестиция салды. Алайда 1986 жылғы 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасындағы реактор жарылып, нәтижесінде тарихтағы ең ауыр ядролық реактор апаты, Чернобыль апаты орын алды.[74]

Тәуелсіздік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Украина президенті Леонід Кравчук пен Ресей президенті Борис Ельцинның Беловеж келісіміне қол қоюы, 8 желтоқсан 1991

Михаил Горбачёв перестройка деп аталатын қоғамдық өмірді либералдау саясатын жүргізіп, тоқырауға ұшыраған экономиканы реформалауға әрекет жасады. Соңғысы сәтсіздікке ұшырады, бірақ Кеңес Одағының демократиялануы этникалық азшылықтар, соның ішінде украиндар арасында ұлтшылдық және сепаратистік тенденцияларды күшейтті.[75] Егемендіктер шеруі деп аталатын шеру аясында 1990 жылғы 16 шілдеде жаңадан сайланған Украин Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Украинаның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады;[76] Горбачёвқа қарсы КОКП мүшелері ұйымдастырған сәтсіз көтерілістен кейін 24 тамыз күні толыққанды тәуелсіздік жарияланды.[77] 1 желтоқсанда орын алған референдумда халықтың 90.32% тәуелсіздікті қолдады.[78] Украинаның жаңа президенті Леонід Кравчук Беловеж келісіміне қатысып, Украина жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымының құрушы мемлекеттерінің бірі болды. Алайда Украина ешқашан да ұйымның толыққанды мүшесі болмаған, ол ТМД құру туралы келісімді ратификацияламады.[79] Бұл құжаттар Кеңес Одағының тағдырын бекітті, ол 26 желтоқсанда ресми түрде өзін жоққа шығарған.[80]

Нарықтық экономикаға көшу кезінде ел бұрынғы кеңестік республикалардың барлығына дерлік қарағанда тереңірек экономикалық құлдырауды бастан кешірді. Рецессия кезінде, 1991 және 1999 жылдар аралығында Украина өзінің ЖІӨ-нің 60% жоғалтты[81] және 1993 жылы 10,000% шыңына жеткен гиперинфляциядан зардап шекті.[82] Жағдай тек жаңа валюта, гривна 1998 жылдың аяғында бір күрт құлдырағаннан кейін ғана жақсы тұрақтанды, себебі сол жылдың басында ресейлік қарыз дефолтының салдары ішінара болды.[83] Тоқсаныншы жылдардағы экономикалық саясаттың мұрасы мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру болды, ол олигархтар деп аталатын аса күшті және бай адамдар тобын құрды.[84] Украинаның экономикасы тұтастай алғанда тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері кең таралған сыбайлас жемқорлық пен әкімшіліктің нашар басқаруынан нашар жұмыс істеді.[85] Бұл себептен 1990 жылдары елде көп протест пен толқулар орын алған еді.[86] Ресеймен соғыс 2010 жылдардағы экономиканың айтарлықтай қалпына келуіне кедергі келтірді,[87] ал 2020 жылы келген COVID-19 пандемиясымен күресу шаралары вакцинацияның төмен деңгейімен[88] және кейінірек пандемия кезінде жалғасып жатқан шапқыншылық.[89]

Саяси тұрғыдан алғанда, Украина саясатының айқындаушы белгілерінің бірі көп уақытта екі мәселе бойынша бөлінді: Украина, Батыс және Ресей арасындағы қарым-қатынас және классикалық саяси солшыл-оңшыл бөлінісі.[90] Алғашқы екі президент, Кравчук пен Кучма Украинаның бәсекелес көзқарастарын теңестіруге бейім болды, дегенмен Ющенко негізінен батысшыл және Янукович ресейшіл болды. Януковичке қарсы екі үлкен наразылық болды: 2004 жылғы қызғылт сары төңкеріс, онда ондаған мың адам оның пайдасына сайлаудың бұрмалануына наразылық білдірген кезде (ақырында президент болып сайланған Ющенко болды) және тағы біреуі 2013/2014 жылғы қыста орын алды, Януковичтің Еуропа Одағы-Украина қауымдастығы келісіміне қол қоюдан бас тартуына қарсылық білдіру үшін Еуромайданға жиналды.

Ресей 1994 жылы Будапешт меморандумына қол қойғаны еді, ол бойынша Украина қауіпсіздік және аумақтық тұтастық кепілдігіне айырбас ретінде ядролық қаруды тапсырып қойды, бірақ оған қарамастан Ресей орын алған протестер мен жаңа билікке жауап ретінде Украинаға қарсы соғыс бастады. 2014 жылғы ақпан айының соңы мен наурыз айының басында ол Севастопольдегі Әскери-теңіз күштерін пайдалана отырып Қырымды аннексиялады; бұл жетістікке жеткеннен кейін ол Донбасста ресейшіл сепаратистер құрған, мемлекеттік қауымдастықпен ресми түрде танылмаған Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасы арқылы прокси соғысын бастады.[91] 2023 жылғы 24 ақпанда Ресей Украина жеріне толыққанды басып кірді.[92]

Ресеймен әскери қақтығыс үкіметтің Батысқа қатысты саясатын өзгертті. Янукович Украинадан қуылғаннан кейін көп ұзамай ел 2014 жылы маусымда Еуроодақпен серіктестік туралы келісімге қол қойды, ал оның азаматтарына үш жылдан кейін Еуропа Одағына визасыз кіру рұқсаты берілді. 2019 жылғы қаңтарда Украина православие шіркеуі Мәскеуден тәуелсіз деп танылды. Ақырында, Ресеймен кең ауқымды соғыс жағдайында Украина 2022 жылғы 23 маусымда Еуропа Одағына үміткер мәртебесін алды.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Украинаның топографилық картасы (шекарасы мен қалалары белгіленген)
Карпаттағы ормандар, Закарпатье облысы

Ел аумағында өзен торы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мыңнан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алқаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981 км), Днестр, Оңтүстік Буг жатады. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес.

Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас жəне жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 миллион гектардан асады. Украина фаунасының арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, құр сияқты жануарлар бар.

Құлақты тауларының Дземброня ауылына көрінісі

Ел рекреациялық ресурстарға бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары (Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливае самырсыны, мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері өседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары өзіне туристер назарын аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады, ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.

Украинаның Кёппен климаттар класификациясы картасы

Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жатқан ауданына байланысты Украина жерінің климат жағдайлары алуан түрлі. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -7°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +5°С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта жауын-шашынның көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе, Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мөлшері 300 мм-ден де төмен. Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның тапшылығы себебінен егістіктерді қолдан суару қажет.

Украина аумағы негізінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай континенттігі артып келе жатқан қоңыржай климаттық белдеудегі қоңыржай-континентальды аймақта жатыр. Қырымның оңтүстік жағалауы Жерорта теңізінің субтропикалық климатының жеке аймағына бөлінген. Украин Карпатында және Қырым тауларында ауданның биіктігі мен беткейлердің экспозициясы климаттың тік белдеулігін анықтайды.

Елдегі ең төменгі ауа температурасы 1935 жылғы 8 қаңтарда Луганскіде тіркелді. Арктикадан ауа ағындарының басып кіруі нәтижесінде мұндағы температура -42°C дейін төмендеді.

Украина аумағында жауын-шашын таралуының негізгі заңдылығы оның солтүстік пен солтүстік-батыстан оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа қарай азаюы болып табылады. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері Украина Карпатында — 1500 мм (Плая жазығы — 1663 мм) және Қырым тауларында (1000—1200 мм), ең азы — Қара теңіз жағалауында байқалды. Аумақтың көп бөлігінде жауын-шашынның орташа мөлшері батыста 650-600 мм-ден оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 450-400 мм-ге дейін ауытқиды. Олардың негізгі массасы Қырымның оңтүстік жағалауын қоспағанда, жылдың жылы мезгілінде болады. Қыста жауын-шашын қар түрінде, елдің барлық аумағында дерлік болады; қар жамылғысының биіктігі 10-30 см, ал тауларда 40 см-ге жетеді.

Су ағындары мен су қоймалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Днестр, Хмельницкий облысы

Украина аумағында жалпы ұзындығы 206,000 км-ден асатын 63,119 өзендер мен бұлақтар ағып жатыр, оның ішінде 3,302 ұзындығы 10 километрге тең, не одан ұзын. Өзендердің көпшілігі Қара және Азов теңіздерінің алабына жатады. Негізгі өзендер қатарына Днепр, Шамәлі Тынық, Оңтүстік Буг, Днестр және Дунай жатқызылады. Елде 20,000-ға жуық көл бар, олардың тек 43 ғана ауданы 10 км² немесе одан да көп.

Биоалуантүрлілігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елдің ең орманды жері — солтүстік-батыстағы қарағай, емен және қайыңы бар Полесье.[93] Ел аумағында 45,000 түрлі жануар түрлері бар (көбісі омыртқасыздар),[94][95] олардың 385 Украина Қызыл кітабында бар.[96] Украина флорасында 27 мыңнан астам өсімдік түрлері бар.[95]

Қалалық аймақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Украина қалалары

Украинаның 457 қаласы бар, оның 176 облыс деңгейінде болса, 279 аудан деңгейінде және екеуі ерекше заңды мәртебесі бар. Оған қоса елде 886 кент пен 28,552 ауыл бар.[97]

Украинаның ең ірі 10 қаласы
Орны Туы Елтаңбасы Атауы
Украинша атауы
Облысы Халық саны
2022 Санақ[98]
Ауданы
(км2)
1 Киев
Київ
Киев 2,952,301 839
2 Харьков
Харьків
Харьков 1,421,125 350
3 Одесса
Одеса
Одесса 1,010,537 162.42
4 Днепр
Дніпро
Днепропетровск 968,502 409.718
5 Донецк
Донецьк
Донецк 901,645 358
6 Львов
Львів
Львов 717,273 148.9
7 Запорожье
Запоріжжя
Запорожье 710,052 334
8 Кривой Рог
Кривій Ріг
Днепропетровск 603,904 431
9 Севастополь
Севастополь
Севастополь 479,394 864
10 Николаев
Миколаїв
Николаев 470,011 260
Толық мақаласы: Украина саясаты

Украина – көппартиялы саяси жүйесі бар унитарлы демократиялық парламенттік-президенттік республика. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті, орталық атқарушы билік органдары және жергілікті атқарушы билік органдары ұсынады. Заң шығарушы орган — Верховна Рада атауы бар бірпалаталы парламенті. Сот билігін Украинаның Конституциялық соты және жалпы юрисдикциядағы соттар — әртүрлі инстанциялардағы жалпы және мамандандырылған соттар жүйесі ұсынады.

Украина Конституциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Украина конституциясы
Украина Конституциясы. Сыртында Украина елтаңбасы бейнеленген

Украинаның қазіргі Конституциясы 1996 жылғы 28 маусымда Верховна Рада 2-шақырылымының бесінші сессиясында қабылданды. Бұл күн Конституция күні мерекесіне айналды.

2004 жылы Украинаның саяси жүйесін айтарлықтай өзгерткен түзетулер қабылданды; бұл өзгерістер кейде 2004 жылғы Конституция деп аталатын. 2010 жылы Украинаның сол кездегі президенті Віктор Янукович Украина Конституциялық сотының шешімі негізінде бұл өзгерістерді қайтарған болатын. Еуромайдан оқиғаларынан кейін 21 ақпан күні 2004 жылғы Конституция қалпына келтірілді.

Заң шығарушы органы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Украина Конституциясының 75-бабына сәйкес, Парламент — Верховна Рада, Украинадағы жалғыз заң шығарушы билік органы. Украина Жоғарғы Радасының конституциялық құрамы жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жылға сайланатын 450 халық депутатынан тұрады. Халық депутаттарының өкілеттіктері Украинаның Конституциясымен және заңдарымен айқындалады.

Атқарушы билік органы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Украина Конституциясының 102-бабына сәйкес, Украина президенті мемлекет басшысы, мемлекеттік егемендіктің, Украинаның аумақтық тұтастығының, Украина Конституциясы сақталуының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Украина Конституциясы мен Украина заңдарының негізінде және оларды сақтай отырып, Президент Украина аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Украина Конституциясының 113-бабына сәйкес, Украина Үкіметі — Украина Министрлер Кабинеті, атқарушы билік жүйесіндегі жоғары орган. Оның қызметінің құқықтық негізі Украинаның Конституциясы, заңдары және Украина Президентінің актілері болып табылады. Үкімет Президент алдында жауапты және Украина Жоғарғы Радасының бақылауында. Іс жүзінде бұл тәуелділік Президенттің Жоғарғы Радамен келісе отырып, Премьер-Министрді тағайындауынан, оның өкілеттіктерін тоқтатуынан және оның отставкасы туралы шешім қабылдауынан тұрады. Президент Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Министрлер Кабинетiнiң мүшелерiн және басқа да орталық атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды. Үкiметтiң Жоғарғы Кеңеске бақылауы мен есеп беруi Парламенттiң Үкiмет ұсынған бюджеттi бекiтуiнен, бюджеттiң атқарылуы туралы шешiмдердi қабылдауынан, Үкiметтiң iс-шаралар бағдарламасын бекiтуден немесе қабылдамаудан, оның жұмысын бақылаудан тұрады. Үкімет құрамына Украина премьер-министрі, бірінші вице-премьер, үш вице-премьер және бүгінгі күні он тоғыз министрлік кіреді. Атқарушы билік жүйесіне сонымен қатар: 12 мемлекеттік комитет, 27 ерекше мәртебесі бар атқарушы биліктің орталық органдары, Украинаның 18 басқа орталық органдары мен мекемелері кіреді.

Сот билігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Украинада сот төрелігін тек соттар жүзеге асырады. Соттардың құзыреті мемлекетте туындайтын барлық құқықтық қатынастарға таралады. Жалпы юрисдикциялық соттар жүйесі Украина Конституциясына сәйкес аумақтық, мамандану және инстанциялық принциптерге негізделген. Жалпы юрисдикциядағы соттар жергілікті, апелляциялық, жоғары мамандандырылған соттардан және Украина Жоғарғы сотынан тұрады. Жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесіндегі жоғары сот органы Украинаның Жоғарғы соты болып табылады.

Мамандандырылған соттар:

  • Коммерциялық (облыстық, апелляциялық, кассациялық)
  • Әкімшілік (аудандық, апелляциялық, кассациялық).

Украинадағы конституциялық юрисдикцияның жалғыз органы — Украина Конституциялық соты. Украинаның Конституциялық соты жалпы юрисдикциядағы соттардан бөлек және тәуелсіз.

Саяси партиялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Украина — көппартиялы жүйесі бар мемлекет. 2021 жылғы жағдай бойынша елде 365 саяси партия тіркелген.[99] Верховна рада делінетін Украинаның парламентінде дәл қазір 6 түрлі саяси партияның өкілеттігі бар.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Украина экономикасы
Бидай егіні, Ровно облысы. Ауыл шаруашылығы — Украина экономикасының ең үлкен секторы

2021 жылы ауыл шаруашылығы экономиканың ең үлкен секторы болды және Украина әлемдегі ең ірі бидай экспорттаушыларының бірі болды. Дегенмен, Украина жан басына шаққандағы номиналды ЖІӨ көрсеткіші бойынша Еуропадағы ең төмен.[100] 2021 жылы Украина сыбайлас жемқорлық бойынша 180 бойынша 122-орында, Еуропа елдері арасында тек Ресейден жоғары көрсеткішке ие болды.[101]

2021 жылы Украинадағы орташа жалақы айына шамамен 14,300 (525 АҚШ доллары) ең жоғары деңгейге жетті.[102] Украиналықтардың шамамен 1% ғана 2019 жылы ұлттық кедейлік шегінен төмен өмір сүрді.[103] Украинадағы жұмыссыздық 2019 жылы 4,5 пайызды құрады.[104] 2020 жылы Украинаның мемлекеттік қарызы оның номиналды ЖІӨ-нің шамамен 50 пайызын құрады.[105]

Толық мақаласы: Украина халқы
Дәстүрлі киім киген украин әйелі, Киев, 2013

Украина халқының жалпы саны 2021 жылдың соңына қарай шамамен 34,5 млн. адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі соңғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) — 8%, өлім коэффиценті — 14%. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл. 1990 жылдардың орта шенінен бастап, басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады.

Ел халқының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (78%) мен орыстар (13%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталық және солтүсік аудандарда тұрады.

Украиндардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан басқа ел аумағында беларустар, еврейлер, молдовандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Татарлар Қырымда, гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртында шоғырлана орналасқан. Карпатта тау халықтары — гуцулдар, бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар — шығу тегі әлі белгісіз халықтардын бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасында ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшықтан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп.

Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бұдан басқа христиан дінінің басқа тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм діндері бар. Республика бойынша халықтың орташа тығыздшы 1 шаршы километрге шаққанда 78.6 адамды құрайды. Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1км²-ге 100-200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл көрсеткіш 40—50 адамды ғана құрайды.

Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі — 65%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпатье облысында қала халқынын үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халкының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі, Донецк агломерациясы қалыптасқан.

Украиналықтардың Рождество тойлауы, Львов

Украинаның әдет-ғұрыптарына елдегі басым дін православиелік христиандық қатты әсер етеді.[106] Украинаның мәдениетіне шығыс және батыс көршілері де әсер етті, бұны оның сәулетінде, музыкасында және өнерінде байқауға болады.

Коммунистік дәуір Украинаның өнері мен жазуына айтарлықтай әсер етті. 1932 жылы Сталин «Әдебиет және өнер ұйымдарын қайта құру туралы» декрет жариялаған кезде Кеңес Одағында социалистік реализмді мемлекеттік саясатқа айналдырды. Бұл шығармашылықты әбден кідіртті. 1980 жылдары гласность (жариялық) енгізілді және кеңестік суретшілер мен жазушылар қайта еркін болды.[107]

2023 жылы ЮНЕСКО Украинадағы 8 нысанды Әлемдік мұра тізіміне енгізді. Украина сонымен қатар Петровка өрнегі, Косов керамикасы және казак әндері сияқты сәндік және халықтық дәстүрлерімен танымал. 2022 жылғы ақпан мен 2023 жылғы наурыз аралығында ЮНЕСКО 247 нысанның, оның ішінде 107 діни нысанның, 89 көркем немесе тарихи маңызы бар ғимараттардың, 19 ескерткіш пен 12 кітапхананың зақымдалғанын жариялады.[108] 2023 жылғы қаңтардан бастап Одесса тарихи орталығы қауіп төнген дүниежүзілік мұралар тізімінде.[109]

Кітапханалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

В. І. Вернадський атындағы Украина ұлттық кітапханасы — елдің басты академиялық кітапханасы, ғылыми ақпарат орталығы.

Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында Тарас Шевченко Киев ұлттық университетінің Максимович ғылыми кітапханасы, Украина ұлттық кітапханасы, Украина ұлттық ғылыми медициналық кітапханасы және Киев қалалық жастар кітапханалары Ресей қаруларымен бомбаланды.[110]

Толық мақаласы: Украин әдебиеті
Дүние жүзіне белгілі украин қайраткері Тарас Шевченко, 1859
Украин әдебиетіндегі ең әйгілі әйелдердің бірі, Леся Українка

Моңғолдардың Киев Русіне шапқыншылығынан кейін әдеби белсенділік XIV ғасырда қайта жанданғанға дейін кенет құлдырауға ұшырады, ал XVI ғасырда баспа машинасының өнертабысымен ол одан әрі дами түсті.[111]

Украиндардың заманауи әдеби дәстүрі Іван Котляревськийдың Енеїдасымен бастау алды.[112] 1830 жылдарға қарай украин романтистік әдебиеті дами бастады және елдің ең танымал мәдениет қайраткері, романтист ақын-суретші Тарас Шевченко белгілі болды. Іван Котляревський украин тіліндегі әдебиеттің атасы болып саналса, Шевченко – ұлттық жаңғырудың атасы делінеді.[113]

1863 жылы Ресей империясында украинша материал басып шығаруға тыйым салынды.[39] Бұл украин әдебиетін біраз кідіртті, жазушы-ақындардің біреулері орысша жазып кетсе, басқалары басып шығаруды Аустрия басшылығындағы Галицияда орындайтын. Тыйым большевиктердің билікке келуіне дейін жалғаса берді.[114]

Украин әдебиеті КСРО-ның ерте жылдары дамып кетті, алайда 1930 жылдары басталған НКВД бастаған түрлі репрессиялар мен цензура оны кідіртті. Ұлы террор саясаты кейін 223 жазушының ату жазасына кесілуіне алып келді, бұл жазушылардың буыны Атылған жаңғыру деп аталып кетті.[115] Украин тіліндегі әдебиетке тыйым салынбағанымен, белгілі бір үлгі, стильге келмейтін әдебиеттің барлығына да тыйым салынатын.

Әдеби еркіндік 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында КСРО ыдырауымен және 1991 жылы Украина тәуелсіздігінің қалпына келуімен қатар өсті.[111]

Украин классикалық музыкасының әкесі болып саналатын Микола Лисенко

Музыка — ұзақ тарихы және көптеген әсерлері бар украин мәдениетінің негізгі бөлігі. Дәстүрлі халық музыкасынан бастап, классикалық және заманауи рокқа дейін Украина бірнеше халықаралық деңгейде танымал музыканттарды шығарды. Украин ұлтының дәстүрлі музыкалық аспаптары қатарына кобза, бандура, торбан, цимбали, лірник сияқтылар жатқызылады.

Цимбали — әлемдегі ең ежелгі ішекті аспаптардың бірі. Украинада б.з.б. 3500 жылдары салынған цимбали бейнеленген тас бар.[116] Украин ұлттық аспаптары валютада да салынған: 100 гривна банкнотасында Черкассы облысының жерінде бандура ойнаған соқыр украиналық жігіт бейнесін табуға болады.[116]

Алғашқы арнаулы музыкалық академия 1738 жылы Глуховта құрылды және ол скрипка мен бандура ойнауды, ән айтуды оқытты. Нәтижесінде, Ресей империясының құрамындағы ең алғашқы композиторлар мен орындаушылардың көпшілігі этникалық украиндар болды, олар Глуховта туып-өскен немесе білім алған немесе осы музыка мектебімен тығыз байланысты.[117]

Ұлттық тамағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Украин тамағы
Қаймақ қосылған украиналық борщ

Дәстүрлі украин тағамыа тауық еті, шошқа еті, сиыр еті, балық және саңырауқұлақтар кіреді. Украиндар картоп, дән және жаңа піскен, қайнатылған немесе маринадталған көкөністер де жейді. Танымал дәстүрлі тағамдар вареники (саңырауқұлақтар, картоп, ашытқан қырыққабат, ірімшік, шие немесе жидектер қосылған пісірілген тұшпара), борщ (қызылшадан, қырыққабаттан және саңырауқұлақтан немесе етден жасалған сорпа) және голубцы (күріш, сәбіз, пияз және тартылған етпен толтырылған қырыққабат орамдары).[118] Украиндардың ұлттық наны да бар: каравай мен пасхалық паска наны.

Украина тәуелсіздігінің 20 жылдығына Винницада 1.5 тонна, 4*4 метр Каравай пісірілді. Оның дайындалуына 1000 кг ұн, 350 литр сүт, 2000 жұмыртқа, 175 кг қант және т.б. да ингредиент керек болды.[116]

Қазақстанмен қарым-қатынасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1999 жылғы қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.

1999 жылғы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 50 млн АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауар айналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұл – кезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консулдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге Украинаның ғана емес, Молдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктен, Кишинёвте де Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды.

Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе бізде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифінің бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33–45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7–8 доллар, Ресейде 17–25 доллар, Украинада 9–12 доллар қосылады.

Яғни, барлық тауарлардың мемлекетаралық сыртқы сауда айналымында көлік тарифі кедергі келтіріп тұр.

Еркін сауда аймағы болғанын қалап отырған Украина жағы егер Еуроодақ пен Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге кедергісін келтірмейтін болса, Біртұтас экономикалық аймаққа кіруге келісуі ықтимал.[119]

Ресей-Украина соғысы жайлы Қазақстанның ұстанымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2019 жылғы 4 желтоқсанда Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында ол Deutsche Welle-ге сұхбат беріп, Ресей Федерациясының Қырымды аннексиялауын Украинаға басып кіру деп санамайтынын айтып, Украинада дау тудырды. Сондай-ақ ол «Ресей басшылығының даналығына сенетінін» айтты, жауап ретінде Украина Сыртқы істер министрлігі оған демарш жариялады.[120][121]

2022 жылдың басында орын алған Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Қазақстан басшылығының өкілдері, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донецк пен Луганск Халық Республикаларын мойындаудан бас тартты.

2022 жылғы 21 тамызда Украинаның Қазақстандағы елшісі Петро Врублевський қазақстандық блогерге сұхбат берді, онда ол Ресейдің Украинаға басып кіруіне түсініктеме берді: «Біз қазір орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, соғұрлым аз балаларымыз оларды өлтіруге тура келеді». Көп ұзамай Врублевскийді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шақырып, бұл сөздерді «елшінің қызметіне лайықсыз» деп атады. Оны 2022 жылғы 18 қазанда Украина президенті Зеленський қызметінен босатты.[122]

Қосымша ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаза тапқандар санының одан көп болғаны әбден мүмкін, санақ жүргізгенде бүкіл Одақтың украиндарын емес, тек Украин КСР этникалық украиндарын саналған. Еврейлер сияқты Украин КСР өзге ұлттары санаққа кірген жоқ.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Конституція України  (укр.). Украина президентінің ресми сайты (5 тамыз 2012). Тексерілді, 10 қазан 2023. — 10 бап
  2. Population (by estimate) as of June 1, 2019. Average annual populations January-May 2019.
  3. a b c d World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund.
  4. Ukraine: Human Development Indicators 2019. United Nations Development Programme (2019). Тексерілді, 25 желтоқсан 2019.
  5. Telephone Area Codes For Ukraine  (ағыл.). Country Calling Codes. Тексерілді, 10 қазан 2023.
  6. ШТОГРІН, Ірина Події, які сформували і зміцнюють Незалежність України  (укр.). Азаттық радиосы (24 тамыз 2023). Тексерілді, 10 қазан 2023.
  7. Ресей Украинаға басып кірді. Теңге құнсызданды  (қаз.). Азаттық радиосы (24 ақпан 2022). Тексерілді, 10 қазан 2023.
  8. "Linguistic divides: Johnson: Is there a single Ukraine?"  (ағыл.) (5 February 2014).
  9. Prat, Sandrine; Péan, Stéphane C.; Crépin, Laurent; Drucker, Dorothée G.; Puaud, Simon J.; Valladas, Hélène; Lázničková-Galetová, Martina; Plicht, Johannes van der; Yanevich, Alexander (2011) The Oldest Anatomically Modern Humans from Far Southeast Europe: Direct Dating, Culture and Behavior 6 (6): e20834. PMC 3117838 PMID 21698105
  10. Jennifer Carpenter Early human fossils unearthed in Ukraine  (ағыл.). BBC (20 July 2011). Тексерілді, 22 қараша 2023.
  11. Mystery of the domestication of the horse solved: Competing theories reconciled  (ағыл.). sciencedaily, Кембридж университеті (7 May 2012).
  12. Matossian, Mary Kilbourne Shaping World History — Routledge, 1997. — Б. 43. — ISBN 9780765600622.
  13. "What We Theorize – When and Where Did Domestication Occur"  (ағыл.). Жылқы халықаралық музейі. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  14. Balter, Michael Mysterious Indo-European homeland may have been in the steppes of Ukraine and Russia  (ағыл.).
  15. Scythian  (ағыл.). Britannica.
  16. Scythian:Ancient Peoples  (ағыл.). Britannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  17. Khazar  (ағыл.). Britannica. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  18. Русь и варяги. Евразийский исторический взгляд  (орыс.). Лев Гумилев орталығы (13 сентября 2012). Тексерілді, 22 қараша 2023.
  19. Ресей мен оның көршілерінің географиясы = A Geography of Russia and Its Neighbors — Б. 69. — ISBN 978-1-606-23920-9.
  20. Kubicek, Paul Украина тарихы = The History of Ukraine — Westport: Greenwood Press, 2009. — Б. 20–22. — ISBN 9780313349201.
  21. Gleason, Abbott Ресей тарихының жолдасы = A Companion to Russian History — John Wiley & Sons, 2009. — ISBN 978-1-4443-0842-6.
  22. Чернигов әулеті, 1146–1246 = The Dynasty of Chernigov, 1146–1246 — Б. 117–118. — ISBN 978-0-521-82442-2.
  23. Ukraine  (ағыл.). Орталық барлау басқармасының ресми сайты (14 December 2007). Тексерілді, 22 қараша 2023.
  24. Kievan Rus  (ағыл.). Колумбия энциклопедиясы. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  25. Киев Русіндегі күш саясаты: Владимир Мономах пен оның әулеті, 1054–1246 = Power Politics in Kievan Rus': Vladimir Monomakh and His Dynasty, 1054–1246 — Б. 195–196. — ISBN 0-888-44202-5.
  26. Carter V. Findley Әлем тарихындағы түріктер = The Turks in World History — Оксфорд университетінің баспасы, 2004. — ISBN 0-19-517726-6.
  27. The Destruction of Kiev  (ағыл.). Торонто университеті. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  28. Rowell, C. S. Көтерілген Литва: Шығыс-Орталық Еуропадағы паганистік империя = Lithuania Ascending: A Pagan Empire Within East-Central Europe, 1295–1345. — Кембридж университетінің баспасы, 1994. — ISBN 9780521450119.
  29. Генуэзские колонии в Одесской области  (орыс.). Измаил бизнес-порталы. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  30. Plokhy, Serhii Еуропа қақпалары: Украина тарихы = The Gates of Europe: A History of Ukraine — Basic Books, 2017. — ISBN 9780465050918.
  31. A History of Ukraine. Episode 33. The Crimean Khanate and Its Permanent Invasions of Ukraine  (ағыл.). Radiolemberg. Мұрағат көшірмесі 12 мамырдың 2020 Wayback Machine мұрағатында
  32. Kizilov, Mikhail English — Journal of Jewish Studies. 58 (2), 2007. — Б. 189–210. ISSN 0022-2097
  33. Krupnytsky B. and Zhukovsky A. Zaporizhia, The. Украина энциклопедиясы. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  34. Ukraine Cossacks  (ағыл.). Brtiannica. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  35. Poland  (ағыл.). Britannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  36. Hetman state  (ағыл.). Украина энциклопедиясы.
  37. Hardaway, Ashley Ukraine = Украина — Other Places Publishing, 2011. — Б. 98. — ISBN 9781935850045.
  38. Ukraine :: Ukraine under direct imperial Russian rule – Britannica Online Encyclopedia  (ағыл.) (21 April 2008). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  39. a b Remy, Johannes (2007). "The Valuev Circular and Censorship of Ukrainian Publications in the Russian Empire (1863–1876): Intention and Practice". Canadian Slavonic Papers. 47 (1/2): 87–110. doi:10.1080/00085006.2007.11092432. JSTOR 40871165. S2CID 128680044
  40. The First Ukrainian Political Program: Mykhailo Drahomanov's "Introduction" to Hromada  (ағыл.). ditext.com. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  41. Shevchenko, Taras  (ағыл.). Украина энциклопедиясы.
  42. Industrial History of Ukraine  (ағыл.). Индустриалды мұраның Еуропалық бағыты. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  43. Satzewich, Vic Украиндық диаспора = The Ukrainian diaspora — Routledge, 2002. — Б. 26–48. — ISBN 0-415-29658-7.
  44. Münz, Rainer; Ohliger, Rainer Диаспоралар мен Этникалық Мигранттар: Германия, Израиль және Посткеңестік мемлекеттерді салыстыру = Diasporas and Ethnic Migrants: German, Israel, and Post-Soviet Successor States in Comparative Perspective — Routledge, 2003. — Б. 164. — ISBN 0-7146-5232-6.
  45. Субтельний, Орест Украина: Тарих = Ukraine: a history — Торонто университетінің баспасы, 2000. — Б. 262. — ISBN 0-8020-8390-0.
  46. Ukraine – World War I and the struggle for independence  (ағыл.). Britannica. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  47. Timothy Snyder Құпия соғыстың жоспарлары: Поляк әртісінің Кеңестік Украинаны азат ету миссиясы = Sketches from a Secret War: A Polish Artist's Mission to Liberate Soviet Ukraine — New Haven: Йель университетінің баспасы, 2005.
  48. Revyuk Emil Украинадағы Поляк қатыгездіктері = Polish atrocities in Ukraine — 1931.
  49. Skalmowski, Wojciech Шығыс үшін шығыс болғандар: Liber Amicorum Wojciech Skalmowski = For East is East: Liber Amicorum Wojciech Skalmowski — Peeters Publishers, 2003. — ISBN 9789042912984.
  50. Service, Robert Жиырмасыншы ғасырдағы Ресейдің тарихы = A History of Twentieth-Century Russia. — Гарвард университетінің баспасы, 1997. — ISBN 0674403487.
  51. Історія Голодомору  (укр.). Голодомор музейі. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  52. Wilson, 17-бет
  53. Subtelny, 487-бет
  54. Treaty of Peace with Romania : February 10, 1947  (ағыл.). Авалон жобасы. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  55. Ukraine – World War II and its aftermath  (ағыл.). Britannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  56. a b World Wars  (ағыл.). Украина энциклопедиясы.
  57. Subtelny, Orest Украина: Тарих = Ukraine: A History — Торонто университетінің баспасы, 1988. — Б. 410. — ISBN 9781442609914.
  58. Журнал "Воєнна історія" #5-6 за 2002 рік Військово-польова жандармерія  (укр.). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  59. Timothy Snyder A Fascist Hero in Democratic Kiev | Timothy Snyder  (ағыл.). The New York Review of Books. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  60. Piotrowski, 352–354-беттер
  61. Велика Вітчизняна Війна  (укр.).
  62. Subtelny, 476-бет
  63. Magocsi, 635-бет
  64. Ukrainian Insurgent Army  (ағыл.). Украина энциклопедиясы. Тексерілді, 22 қараша 2023.
  65. Ukraine: World War II and its aftermath  (ағыл.). Brtiannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  66. Кульчитський, Станіслав Демографічні втрати України в хх столітті  (укр.). Апта айнасы.
  67. Activities of the Member States – Ukraine  (ағыл.). Біріккен Ұлттар Ұйымы.
  68. The Formation of the United Nations, 1945  (ағыл.). АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайты. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  69. The Transfer of the Crimea to the Ukraine  (ағыл.). Қырым халықаралық комитеті. Тексерілді, 23 қараша 2023.
  70. Cook, Bernard A.; Cook, Bernard Anthony 1945 жылдан бергі Еуропа: Энциклопедия = Europe Since 1945: An Encyclopedia — Taylor & Francis, 2001. — ISBN 978-0-8153-4058-4.
  71. Ukraine – The last years of Stalin's rule  (ағыл.). Britannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  72. Magocsi, 644-бет
  73. Magocsi, 1996, 704-бет
  74. Remy Johannes 'Sombre anniversary' of worst nuclear disaster in history – Chernobyl: 10th anniversary  (ағыл.). UN Chronicles (1996). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  75. Геллер, Михаил Жетінші хатшысы: Михаил Горбачевтың жалтылы мен кедейлігі = Седьмой секретарь: Блеск и нищета Михаила Горбачева — 1991. — Б. 352-356. — ISBN 1-870128-72-9.
  76. ДЕКЛАРАЦІЯ ПРО ДЕРЖАВНИЙ СУВЕРЕНІТЕТ УКРАЇНИ  (укр.). Верховна раданың ресми сайты. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  77. Про проголошення незалежності України  (укр.). Верховна раданың ресми сайты. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  78. «Агресор намагається зламати нашу незалежність» – Порошенко у річницю референдуму 1 грудня 1991 року  (укр.). Азаттық радиосы. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  79. Лащенко, Олександр Україна досі в СНД чи ні?  (укр.). Азаттық радиосы (26 қараша 2020). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  80. Период распада: последний декабрь Союза. 26 декабря 1991 года  (орыс.). РБК (27 декабря 2021). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  81. Ukrainian GDP (PPP)  (ағыл.). Халықаралық валюта қоры.
  82. Figliuoli, Lorenzo; Lissovolik, Bogdan Ukrainian GDP (PPP)  (ағыл.). Халықаралық валюта қоры. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  83. Коротков, Дмитро және Соломко, Ірина Дефолт 1998 года: 10 лет спустя  (орыс.). ukraine.segodnya.ua (15 августа 2008). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  84. Sutela, Pekka The Underachiever: Ukraine's Economy Since 1991  (ағыл.) (9 March 2012). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  85. Dickinson, Peter Ukraine's choice: Corruption or growth  (ағыл.).
  86. Aslund, Anders; Aslund, Anders (1995). "Eurasia Letter: Ukraine's Turnaround". 100 (100): 125–143. doi: 10.2307/1149308. JSTOR 1149308.
  87. Mykhnenko, Vlad (15 наурыз 2020). "Causes and Consequences of the War in Eastern Ukraine: An Economic Geography Perspective". 72 (3): 528–560. doi: 10.1080/09668136.2019.1684447. ISSN 0966-8136.
  88. Ludvigsson, Jonas F.; Loboda, Andrii (2022). "Systematic review of health and disease in Ukrainian children highlights poor child health and challenges for those treating refugees". 111 (7): 1341–1353. doi: 10.1111/apa.16370. ISSN 0803-5253
  89. Impact of war on the dynamics of COVID-19 in Ukraine - Ukraine  (ағыл.).
  90. Шевел, Оксана The parliamentary elections in Ukraine, October 2014  (ағыл.). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  91. Кузьо, Тарас Euromaidan revolution, Crimea and Russia–Ukraine war: why it is time for a review of Ukrainian–Russian studies  (ағыл.).
  92. РЕСЕЙДІҢ УКРАИНАҒА БАСЫП КІРГЕНІНЕ БІР ЖЫЛ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?  (қаз.). Masa Media. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  93. Швіденко, Анатолій; Букша, Ігор; Краковська, Світлана; Лакида, Петро (2017) "Vulnerability of Ukrainian Forests to Climate Change" Sustainability. 9 (7): 1152. eISSN 2071-1050
  94. Еуропа кеңесі Украинадағы биоалуантүрлілікті мен ландшафтты сақтау және бақылау туралы конференция = Conference Sur la Conservation Et Le Suivi de la Diversite Biologique Et Paysagere en Ukraine — 2001. — Б. 78–. — ISBN 9789287146458.
  95. a b Філіпчук Г. Г. Вступне слово // Украина Қызыл кітабы = Червона книга України — «Глобалконсалтинг», 2009. — Б. 3—624. — ISBN 978-966-97059-0-7.
  96. Welcome to State of The Environment in Ukraine  (ағыл.). Украина Қоршаған ортаны қорғау және атомдық қауіпсіздік министрлігі. Мұрағат көшірмесі 7 маусымның 2009 Wayback Machine мұрағатында
  97. Регіони України та їх склад  (укр.). Верховна раданың ресми сайты. Мұрағат көшірмесі 31 желтоқсанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
  98. Чисельність наявного населення України на 1 січня  (укр.). ukrstat.gov.ua. Мұрағат көшірмесі 4 маусымның 2022 Wayback Machine мұрағатында
  99. ВІДОМОСТІ щодо зареєстрованих у встановленому законом порядку політичних партій станом на 01.01.2021 року  (укр.). Украина әділет министрлігінің ресми сайты (1 қаңтар 2021). Тексерілді, 2 тамыз 2023.
  100. Bohdan Ben Why Is Ukraine Poor? Look To The Culture Of Poverty  (ағыл.). VoxUkraine (25 September 2020).
  101. БЕЗ ПРОГРЕСУ – УКРАЇНА В ІНДЕКСІ СПРИЙНЯТТЯ КОРУПЦІЇ-2021  (укр.). Тексерілді, 24 қараша 2023.
  102. Ukrainian Economy in 2021: Procrastination Without Innovation  (ағыл.). Kyiv Post. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  103. Poverty headcount ratio at national poverty lines (% of population) – Ukraine | Data  (ағыл.). data.worldbank.org. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  104. Unemployment, total (% of total labor force) (national estimate) – Ukraine | Data  (ағыл.). data.worldbank.org. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  105. Ukraine Government Debt: % of GDP  (ағыл.).
  106. Про стан і тенденції розвитку релігійної ситуаціїта державно-церковних відносин в Україні  (укр.).
  107. Mikhail Gorbachev  (ағыл.). Britannica. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  108. Damaged cultural sites in Ukraine verified by UNESCO  (ағыл.). ЮНЕСКО. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  109. Unesco adds Ukrainian city of Odesa to World Heritage List of endangered sites  (ағыл.). The Art Museum. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  110. Marche, Stephen 'Our mission is crucial': meet the warrior librarians of Ukraine  (ағыл.). The Observer (4 December 2022). Тексерілді, 11 наурыз 2023.
  111. a b "Ukraine – Cultural Life – The Arts – Literature"  (ағыл.). Britannica. Тексерілді, 24 қараша 2023.
  112. Ukrainian literature | Britannica  (ағыл.). Britannica.
  113. Literature  (ағыл.). Украина энциклопедиясы.
  114. Ukraine — literature  (ағыл.). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  115. Лавріненко, Юрій Розстріляне відродження: Антологія 1917–1933  (укр.). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  116. a b c Krawchenko, Tamara; Tsilyk, Iryna және Chekh, Artem Керемет Украина: Сен білу керек қызық нәрселер 6-нұсқа = Awesome Ukraine: Interesting things you need to know 6th edition — Osnovy Publishing, Hanna Kopylova, 2018. — ISBN 978-966-500-829-3.
  117. Struk, D.H. Украина энциклопедиясы, 3-том = Encyclopedia of Ukraine: Volume III: L-Pf — Торонто университетінің баспасы, 1993. — Б. 1461. — ISBN 978-1-4426-5125-8.
  118. Ukraine has a glorious cuisine that is all its own  (ағыл.). The Economist.
  119. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
  120. «Будет демарш»: Украина не простит Токаеву Крым  (орыс.). gazeta.ru (4 декабря 2019). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  121. МАМАШҰЛЫ, Асылхан "Аннексиядан айналып өтпейсің бе, Қасеке?" Тоқаевтың сұхбатына әлеуметтік желі реакциясы  (орыс.). Азаттық радиосы (5 декабря 2019). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  122. Посла Украины в Казахстане уволили после его высказываний о русских  (орыс.). інтерфакс (19 октября 2022). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  翻译: